Название сайта

БЖБ 11-сынып Қазақ тілі, 2-тоқсан КГБ жауаптар «Әлемді өзгерткен өнертабыстары. Шешендік сөздер»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Әлемді өзгерткен өнертабыстары. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі» 11-сынып 2-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 11-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 11-сыныптары«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

БЖБ 11-сынып Қазақ тілі, 2-тоқсан КГБ жауаптар «Әлемді өзгерткен өнертабыстары. Шешендік сөздер»

«Әлемді өзгерткен өнертабыстары. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық
бағалау
Оқу мақсаты 11.2.4.1
11.3.2.1
әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар,
публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет
стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын,
мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін,
құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау
таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік
ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды
қолданып, мақала жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын,
мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік
ерекшелігін салыстыра талдайды
Ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай
тілдік құралдарды қолданып, мақала жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары ойлау деңгейлері
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
1. Кестені пайдаланып, берілген мәтіндерді тақырыбы, автор көзқарасы, мақсатты
аудиторияға сәйкес қызметі, құрылымы, тілдік ерекшелігі тұрғысынан салыстыра талдаңыз.
1-мәтін
Өзіңіздің бизнесіңізді ашамын десеңіз идеялар толып жатыр. Қалағанын таңдай беруге
болады. Дегенмен қазір көптеген технологиялар ойлап табылды және қандай да бір жаңалық
ашу өте қиын. Сол себепті ешкім қайта велосипед ойлап таппай, негізінен бар идеяларды жай
ғана түрлендіріп, пайдаланады.
Ал әлемді өзгерткен ерекше, оригинал идеялар қандай? Тарихқа бір көз жүгіртіп
көрейік.
Ракета қозғалтқышы (1926)
Физика мұғалімі Роберт Годард Уэллстің «Әлем соғысы» шығармасын қатты жақсы
көрген. Ғылыммен айналысу барысында ол ракетаның жанармайын зерттеуге көп уақытын
жұмсаған. Роберт сүйікті шығармасында жазылған ғарышқа сапар шындыққа айналатынына
сенетін. Өзінің алғашқы зымыранын ол 1926 жылы көкке ұшырды. Зымыран сұйық жанармай
құйылған қозғалтқыш арқылы жұмыс істеді. Ол кезде қондырғы тек 6,5 метрге көтеріле алды.
Бірақ бұл адамзаттың ғарышты зерттеуіне бастама берді.
Кардиостимулятор (1958)
Бұл миллиондардың өмірін сақтап қалған өнертабыс аяқ астынан ойлап табылды.
Инженер Уилсон Грейтбатч жүректің қағысын жазып отыратын транзисторды жасаумен
айналысқан. Бір кезде ол бір резисторды қате қосып, қондырғының жүрек қағысына
ұқсайтын ритм шығара бастағанын байқаған. Осылайша Уилсон бұл құрылғының жүрек
қағысын қадағалап отыра алатындығын түсінген. Көптеген тәжірбиелер жүргізілгеннен
кейін, кардиостимуляторлардың қолданысы артып, көпшіліктің өмірін құтқара бастады.
Модем (1979)
Егер модем болмағанда интернет те болмас еді. Қазіргі әлемді интернетсіз елестету
қиын. Алғашқы модем Hayes Microcomputer Products компаниясымен Apple II компьютері
үшін жасалды. Ол секундына 300 бит жылдамдықпен жұмыс істеді. Ал қазіргі модемдердің
жылдамдығы секундына – миллион бит. Айырмашылықты байқап тұрған боларсыз.
Технологияны үздіксіз жетілдірудің арқасында, міне, бүгінгі таңда жылдам интернет