Название сайта

БЖБ 10-сынып Құқық негіздері 1-тоқсан ҚГБ жауаптар «Мемлекет және құқық»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Мемлекет және құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Құқық негіздері» 10-сынып 1-тоқсан

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Құқық негіздері» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Құқық негіздері» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

БЖБ 10-сынып Құқық негіздері 1-тоқсан ҚГБ жауаптар «Мемлекет және құқық»

«Мемлекет және құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Құқықтың негізгі белгілері мен функциясы. Азаматтық
қоғам түсінігі, оның негізгі элементтері мен институттары.
Құқықтық мемлекет түсінігі және оның принциптері
Оқу мақсаты 10.1.1.1 Құқық белгілерін қорытындылай отырып, ұғымын
түсіндіру
10.1.2.4 Азаматтық қоғамның мәні мен функционалдық
маңызы туралы білімін көрсету
10.1.2.1 Құқықтық мемлекет принцптерін айқындау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Құқық белгілері ұғымын түсіндіріп, қорытынды
жасайды
 Азаматтық қоғамның мәні мен функционалдық
маңызын көрсетеді
 Құқықтық мемлекеттің қағидаттарын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Берілген мәтіндегі бос орынды төмендегі цифрлы сөздермен толықтырыңыз.
Құқықтың белгілері жалпы және ерекше болып екі топқа бөлінеді. Құқықтың жалпы
белгісіне ең алдымен оның (_______) жатады, яғни құқық белгілі бір тарихи кезеңнің, нақты
бір қоғамдық қатынастардың жемісі. Құқықтың ерекше белгілері: нормативтілігі, (_______),
жалпы міндеттілік сипаты, формальды айқындылығы, (_______), бір тұлғаға ғана
бағытталмағандығы, бір әрекетті еместігі, (_______).
1 2 3 4
жүйелілік әлеуметтік-тарихи
табиғат
мемлекетпен
байланыстық
рәсімділігі
2. Азаматтық қоғамдағы қарым-қатынастар азаматтық құқықпен реттелетін, саяси мемлекетке
тікелей тәуелді емес жеке адамдар, олар құрған ерікті қауымдастықтар және азаматтық
қоғамның элементтерінен тұратын институттар (отбасы, мектеп, мешіт, шіркеу, бұқаралық
ақпарат құралдары, өндірістік, шығармашылық және басқа да ортақ мүдделерге сүйенген
бірлестіктер, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар) құрайды.
Саяси түсіндірме сөздік. Алматы, 2007
Көз алдыңызға елестетіңіз! Сіз азаматтық қоғамның элементтерінен тұратын институттарды
өзгертетін кез-келген 3 ереже ойлап тауып, енгізе аласыз. Сіз қандай ережелер енгізер едіңіз?
Ереже №1_______________________________________________________________________
Бұл ережені таңдау себебі:_____________________________________________________
________________________________________________________________________________
Ереже №2_______________________________________________________________________
Бұл ережені таңдау себебі:_____________________________________________________
________________________________________________________________________________
Ереже №3___________________