Название сайта

БЖБ 10-сынып Химия 3-тоқсан ҚГБ жауаптар «Металдар мен бейметалдардың жалпы сипаттамасы»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Металдар мен бейметалдардың жалпы сипаттамасы»  бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Химия» 10-сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Химия» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 10-сынып «Химия» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. 10-сыныпта жиынтық бағалау 1,1,3 және 4-тоқсандарда өткізіледі.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге Білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

БЖБ 10-сынып Химия 3-тоқсан ҚГБ жауаптар «Металдар мен бейметалдардың жалпы сипаттамасы»

10.3А «Металдар мен бейметалдардың жалпы сипаттамасы» бөлім бойынша
жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 10.2.1.11 Металдар және бейметалдар құрылысының
ерекшелігін сипаттау: атом радиусы, иондану
энергиясы, электронтартқыштық, кристалл торы
10.2.1.13 Металдар және бейметалдардың негізгі физикалық
қасиеттерін түсіндіреді
10.2.1.14 Электрохимиялық кернеу қатарында металдардың
орналасу принципін түсіндіреді
10.2.1.15 Металдар және бейметалдардың химиялық
қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін
құрастырады
10.4.1.1 Кейбір металдар мен бейметалдардың және олардың
қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін
зерделейді
Бағалау критерийі Білім алушы
 Металдар және бейметалдар құрылысының
ерекшелігін периодтық кестедегі орны бойынша
сипаттайды
 Металдар және бейметалдардың негізгі физикалық
қасиеттерін түсіндіреді
 Электрохимиялық кернеу қатарында металдардың
орналасу принципін ажыратады
 Металдар және бейметалдардың химиялық
қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін
жазады
 Металдар мен бейметалдардың және олардың
қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындалу уақыты 20 минут
Тапсырмалар
1. Металдар және бейметалдар құрылысының ерекшелігін периодттық кестеде
сипаттаңыз: (а) атом радиусы; (b) иондану энергиясы; (c) электронтартқыштық; (d)
кристалл торы.