Название сайта

БЖБ 10-сынып Химия 2-тоқсан ҚГБ жауаптар «Химиялық тепе-теңдік»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Химиялық тепе-теңдік»  бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Химия» 10-сынып 2-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Химия» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 10-сынып «Химия» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. 10-сыныпта жиынтық бағалау 1,1,3 және 4-тоқсандарда өткізіледі.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге Білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

БЖБ 10-сынып Химия 2-тоқсан ҚГБ жауаптар «Химиялық тепе-теңдік»

10.2С «Химиялық тепе-теңдік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 10.3.3.1 Әр түрлі факторлардың тепе-теңдіктің ығысуына
әсерін тәжірибе жүзінде зерттеу
10.3.3.2 Химиялық тепе-теңдікке температура, концентрация
және қысым өзгерісінің әсерін болжау
10.3.3.3 Тепе-теңдік константасы өрнегін құра алу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Әр түрлі факторлардың тепе-теңдіктің ығысуына
әсерін анықтайды
 Химиялық тепе-теңдікке температура, концентрация
және қысым өзгерісінің әсерін болжайды
 Қайтымды реакция үшін тепе-теңдік
константасының өрнегін құрады және тепе-теңдік
константасын есептейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындалу уақыты 20 минут
Тапсырмалар
1. Келесі тепе-теңдік реакцияларын қарастырыңыз.
Төменде (i) - (іv) берілген тепе-теңдікке сәйкес сипатталған жоғарыдаға реакциялар
бойынша P, Q, R, S немесе T әріптерінің біреуін таңдап ақпарат жанындағы бос орынға
қойыңыз. Әрбір әріпті бір ден көп рет қолдануға болады.
(i) Тұрақты қысым кезінде температураны төмендеткенде
тепе-теңдікті оңнан солға қарай ығысады.
(ii) Тұрақты температурада қысымды төмендеткенде осы
тепе-теңдік солдан оңға қарай ығысады.
(iii) Тұрақты температурада қысымды арттырғанда тепетеңдік өзгермейді.
(iv) Тұрақты температурада және тұрақты қысым кезінде су
буының концентрациясының жоғарылатқанда осы тепетеңдікті оңнан солға қарай ығысады.