Название сайта

БЖБ 10-сынып Химия 2-тоқсан ЖМБ жауаптар «Кинетика»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Кинетика»  бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Химия» 10-сынып 2-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Химия» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 10-сынып «Химия» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. 10-сыныпта жиынтық бағалау 1,1,3 және 4-тоқсандарда өткізіледі.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге Білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

БЖБ 10-сынып Химия 2-тоқсан ЖМБ жауаптар «Кинетика»

10.2B «Кинетика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 10.3.2.2 Қарапайым реакциялардың орташа жылдамдығына
есептеулер жүргізу
10.3.2.4 Әрекеттесуші массалар заңы бойынша есептеулер
жүргізу
10.3.2.8 Вант-Гофф ережесі бойынша есептеулер жүргізе алу
10.3.2.12 Гомогенді және гетерогенді катализді ажырату
Бағалау критерийі Білім алушы
 Қарапайым химиялық реакцияның орташа жылдамдығын
есептейді
 Әрекеттесуші массалар заңы бойынша есептеулер
жүргізеді
 Вант-Гофф ережесі бойынша есептеулер жүргізеді
 Гомогенді және гетерогенді катализді ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындалу уақыты 20 минут
Тапсырма
1. (а) 10 секунд ішінде А затының концентрациясы 3,10 моль/л-ден 3,05 моль/л-ге
өзгерді. А заты бойынша реакция жылдамдығының орташа мәнін есептеңіз.
(b) Егер 74 және 124 сек аралығындағы N2 концентрациясы 0,07 және 0,02 моль/л
болатындығы белгілі болса, N2 және O2 арасында NO түзе жүретін реакцияның
орташа жылдамдығын есептеп табыңыз.
2. (а) Әрекеттесуші массалар заңының мәнін мына реакциялар үшін жазыңыз:
i. 2NO(г) + Cl2(г) ↔ 2NOCl(г)
ii. СаСО3 (қ) ↔ СаО(қ) + СО 2 (г)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(b) 2NO(г) + О2(г) = 2NO(г) реакциясы бойынша реакциялық ыдыстың көлемін үш
есе кеміткенде, реакция жылдамдығы қалай өзгереді.
________________________________________________________________________
3. (а) Реакцияның температуралық коэффициенті γ=2. Химиялық реакцияның
жылдамдығы қалай өзгереді, егер температураны 35°С-тан 65°С-қа дейін арттырса?
A) 8 есе артады
B) 8 есе кемиді
C) Өзгермейді
D) 6 есе артады
E) 6 есе кемиді
(b) 10°С температурада қандай да бір реакцияның жылдамдығы 1 моль
л
с құрайды.
Егер температуралық коээффициент 2 тең болса, осы реакцияның жылдамдығы
мен уақыты арасындағы сәйкестікті көрсетіңіз.