Название сайта

БЖБ 10-сынып Информатика, 1-тоқсан ЖМБ жауаптар «Компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Информатика» 10-сынып 1-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Информатика» пәні бойынша мұғалімге жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін)  10-сыныптары «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 
 
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
 

БЖБ 10-сынып Информатика, 1-тоқсан ЖМБ жауаптар «Компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік»

«Компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік» бөлімі бойынша жиынтық
бағалау
Оқу мақсаты 10.6.1.2 IP-мекен-жайының мақсатын және көрсетілуін
түсіндіру
10.6.1.3 Домендік атаулардың жүйесінің (DNS) мақсатын
түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• IP-адресті, оның бөліктері мен классын анықтайды
• IP-адрес пен домендік атауды ажыратады
• DNS мақсаты мен оның жұмыс жасау принципін
сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырмалар
1. Суретте жергілікті желінің (LAN) физикалық топологиясы көрсетілген. LAN
сегменттерге бөлінген.
Келесі құрылғылар үшін сәйкес келетін IP-адрес ұсыныңыз:
a) А арқылы белгіленген Router1 үшін
_______________________________________________________________________
b) B арқылы белгіленген Router1 үшін
_______________________________________________________________________
c) C арқылы белгіленген компьютердің желілік картасы үшін
_______________________________________________________________________
2. IP-адрес - бұл 32-разрядты сан, мысалы: 205.123.4.192