Название сайта

БЖБ 10-сынып Геометрия, 1-тоқсан ҚГБ жауаптар «Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтар өзара орналасуы»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтар өзара орналасуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Геометрия 10-сынып 1-тоқсан 

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып оқушыларына «Геометрия» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім  ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың бөлім бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген

БЖБ 10-сынып Геометрия, 1-тоқсан ҚГБ жауаптар «Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтар өзара орналасуы»

«Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтар өзара орналасуы»
бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Стереометрия аксиомалары және олардың салдарлары
Кеңістіктегі екі түзудің өзара орналасуы
Түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы
Екі жазықтықтың өзара орналасуы
Оқу мақсаты 10.2.1 Стереометрия аксиомаларын, олардың салдарларын
білу және оларды математикалық символдар арқылы
жазып көрсету
10.2.2 Кеңістіктегі параллель және айқас түзулердің
анықтамаларын білу және оларды анықтау және
кескіндеу
10.2.3 Кеңістіктегі параллель түзулердің қасиеттерін білу
және оларды есептер шығаруда қолдану
10.2.4 Түзу мен жазықтықтың параллельдік және
перпендикулярлық белгілерін, қасиеттерін білу және
оларды есептер шығаруда қолдану
10.2.5 Жазықтықтардың параллельдігі мен
перпендикулярлығының белгілерін білу және
оларды есептер шығаруда қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Стеореметрия аксиомаларын және олардың салдарын
қолданады
 Кеңістіктегі түзулердің өзара орналасуын анықтайды
 Түзу мен жазықтықтың параллельдік белгісін
қолданады
 Жазықтықтардың параллельдік қасиетін қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма
1. Берілген символдық жазу бойынша сызбаны салып, дәлелдеңіз:
(𝛼 ∩ 𝛽) = 𝑎, 𝑃 ∈ 𝑎, 𝑄 ∉ 𝛽 ⇨ 𝑃𝑄 ⊄ 𝛽
2. Төменде АВСDA1B1C1D1 текшесінің суреті берілген. Келесі түзулер жұбының
орналасуын анықтаңыз:
1) QP және AD1, мұндағы Q және Р сәйкесінше DD1 және AD кесінділерінің
орталары;
2) AD1 және A1P;
3) MN және AD1, мұндағы M және N сәйкесінше A1B1 және BB1 кесінділеріне
тиісті;
4) CD және A1 P;
5) MN және AB?
Қиылысатын түзулер үшін қиылысу нүктесін анықтаңыз, ал айқас және параллель
түзулер үшін сәйкес белгіні қолданып жазыңыз.