Название сайта

БЖБ 10-сынып Алгебра, 2-тоқсан ҚГБ жауаптар «Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Алгебра 10-сынып 2-тоқсан (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету
деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныста бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

БЖБ 10-сынып Алгебра, 2-тоқсан ҚГБ жауаптар «Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер»

«Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Қарапайым тригонометриялық теңдеулер
Тригонометриялық теңдеулерді шешу әдістері
Қарапайым тригонометриялық теңсіздіктерді шешу
Оқу мақсаты 10.1.3.5 Қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шеше алу;
10.1.3.6 Тригонометриялық теңдеулерді көбейткіштерге жіктеу
арқылы шеше алу
10.1.3.7 Квадрат теңдеуге келтірілетін тригонометриялық
теңдеулерді шеше алу
10.1.3.8 Біртекті тригонометриялық теңдеулерді шеше алу
10.1.3.9 Қарапайым тригонометриялық теңсіздіктерді шеше алу
Бағалау критерийі Білім алушы:
 Қарапайым тригонометриялық теңдеуді шешеді
 Негізгі тригонометриялық тепе-теңдікті қолданып,
тригонометриялық теңдеуді түрлендіреді
 Тригонометриялық теңдеуді квадрат теңдеуге келтіріп
шешеді
 Тригонометриялық теңдеуді көбейткіштерге жіктеу
арқылы шешеді
 Қарапайым тригонометриялық теңсіздікті шешеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма
1. 𝑡𝑔 𝑥 =
√3
3
 болатындай, −𝜋 < 𝑥 ≤ 𝜋 аралығынан х-тің екі мәнін табыңыз.
2.
а) 7 − 6𝑐𝑜𝑠2𝑥 = 5 sin 𝑥 теңдеуінің 6𝑠𝑖𝑛2𝑥 − 5𝑠𝑖𝑛𝑥 + 1 = 0 түрінде жазыла алатындығын
көрсетіңіз.
b) 6𝑠𝑖𝑛2𝑥 − 5𝑠𝑖𝑛𝑥 + 1 = 0 теңдеуін шешіңіз.
3. 𝑠𝑖𝑛2𝑥 + 𝑠𝑖𝑛𝑥𝑐𝑜𝑠𝑥 = 0 теңдеуін шешіңіз.
4. Теңсіздікті шешіңіз: 2 𝑠𝑖𝑛 𝑥 − 1 ≥ 0