Название сайта

БЖБ 10-сынып Алгебра, 3-тоқсан ЖМБ жауаптар «Туынды»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Туынды» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Алгебра 10-сынып 3-тоқсан (жаратылыстану-математика бағыты)

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету
деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныста бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

БЖБ 10-сынып Алгебра, 3-тоқсан ЖМБ жауаптар «Туынды»

Туынды» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Туындының анықтамасы
Функция дифференциалы ұғымы
Туынды табу ережелері
Күрделі функция туындысы
Тригонометриялық функциялардың туындылары
Туындының физикалық және геометриялық мағынасы
Функция графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуі
Оқу мақсаты 10.4.1.17 Функция туындысының анықтамасын білу және
анықтама бойынша функцияның туындысын табу
10.4.1.18 Тұрақты функцияның және дәрежелік
функцияның туындыларын табу
10.4.1.19 Функция дифференциалы анықтамасын және
дифференциалдың геометриялық мағынасын білу
10.4.1.21 Дифференциалдаудың ережелерін білу және
қолдану
10.4.1.22 Күрделі функцияның туындысын табу
10.4.1.23 Тригонометриялық функциялардың
туындыларын табу
10.4.2.1 Туындының геометриялық мағынасын білу
10.4.2.2 Туындының физикалық мағынасын білу
10.4.3.1 Туындының физикалық мағынасына сүйене
отырып, қолданбалы есептер шығару
Бағалау критерийі Білім алушы:
 Дифференциалдың геометриялық мағынасын
қолданады
 Туындының физикалық мағынасын қолданады
 Дифференциалдау ережелерін қолданып,
функцияның туындысын табады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 25 мину