Название сайта

БЖБ Дүниежүзі тарихы, 9-сынып 4-тоқсан жауаптар «ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Еуропа елдерінің әлеуметтікэкономикалық дамуы»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Еуропа елдерінің әлеуметтікэкономикалық дамуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Дүниежүзі тарихы» 9-сынып 4-тоқсан

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 9-сынып білім алушыларына «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, йымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

БЖБ Дүниежүзі тарихы, 9-сынып 4-тоқсан жауаптар «ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Еуропа елдерінің әлеуметтікэкономикалық дамуы»

7-бөлім «ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Еуропа елдерінің әлеуметтікэкономикалық дамуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Неліктен Ұлыбританияда консерватизм жаңа консерватизммен
ауысты?
Социализмнің «шведтік моделінің» белгілері қандай?
Оқу мақсаты 9.1.2.2 Әлемнің жетекші және дамушы мемлекеттеріндегі
халықтың өмір сүру деңгейіне әсер ететін факторларды
анықтау
9.1.1.2. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлемнің жетекші
елдеріндегі әлеуметтік дамудың ерекшеліктерін талдау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Әлем елдеріндегі халықтың өмір сүру деңгейіне әсер
ететін факторларды анықтайды
 ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы мемлекеттердің
әлеуметтік дамуын талдайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Англия премьер-министрлерінің әлеуметтік
саясатының мәнін түсіндіріп, халықтың бүгінгі жағдайына баға беріңіз.
Англия премьерминистрлері
Әлеуметтік реформалары Англия халқының
бүгінгі жағдайы
Уинстон Черчилль
Гарольд Вильсон
2. ІІ дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германия халқының әлеуметтік жағдайын
сипаттаңыз.
ГФР халқының әлеуметтік жағдайы
ГДР халқының әлеуметтік жағдайы
«Германдық ғажайыптың» әлеуметтік жағдайға
әсері
3. Социализмнің шведтік және кеңестік моделдерінің ұқсастығы мен айырмашылығын
түсіндіріңіз.
Шведтік моделдің ерекшелігі Ұқсастығы Кеңестік моделдің
ерекшелігі
4. «Шведтік модел әлеуметтік саланы дамытуға үлкен әсер тигізді» деген тұжырымға
қатысты пікіріңізді ПТМС формуласы арқылы білдіріңіз.
Позиция (мен ойлаймын ...)_____________________________________________________
Түсіндіру (себебі ...)___________________________________________________________
Мысал (мен дәлелдей аламын ...)________________________________________________
Салдары (қорытынды шығарамын ...)