Название сайта

БЖБ Химия 9-сынып 3-тоқсан жауаптар «17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV) - топ элементтері және олардың қосылыстары»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV) - топ элементтері және олардың қосылыстары»  бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Химия» 9-сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 9-сынып білім алушыларына «Химия» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 9-сынып «Химия» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. 9-сыныпта жиынтық бағалау 1,1,3 және 4-тоқсандарда өткізіледі.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге Білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

БЖБ Химия 9-сынып 3-тоқсан жауаптар «17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV) - топ элементтері және олардың қосылыстары»

9.3А «17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV) - топ элементтері және олардың қосылыстары»
бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 9.3.3.5 Аммиак өндірісінің үдерісін сипаттау
9.2.1.16 Аммиакты алуды қасиеттерін мен қолданылуын
түсіндіру
9.2.1.23 Фосфор және оның қосылыстарының жалпы
химиялық қасиеттерін түсіндіру
9.2.1.8 Топта галогендер қасиеттерінің өзгеру
заңдылықтарын болжау
9.2.1.9 Хлордың химиялық қасиеттерін сипаттау:
металдармен, сутекпен және галогенидтермен
әрекеттесуі
9.2.1.24 Кремнийдің қолданылу аймағын және оның
жартылай өткізгіш ретінде қолданылуын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Өнеркәсіптік масштабтарда аммиактың қолайлы
шығымына ықпал ететін факторларды қолдануды
дәлелдейді
 Аммиакты алу үрдісіндегі реагенттер мен
катализаторды сәйкестендіреді
 Фосфордың аллотропиялық модификацияларының
физикалық сипаттамаларындағы айырмашылықты
түсіндіреді
 Эксперименттік деректерді салыстырады және
галогендерді топтағы белсенділігіне сәйкес
анықтайды
 Кремнийдің жартылай өткізгіштік қасиеттерін
бағалайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Аммиакты Габер процесі арқылы өндіреді.
Азот пен сутегі арасындағы реакция келесі жағдайды жүреді:
- 200 атмосфералық қысым;
- Темір катализатор;
- 400-450оС температура;
(а) Азот газының көзі болып табылады?
A. Ауа
B. Мұнай
C. Топырақ
D. Нәруыз
(b) Габер процесінде орын алатын реакция теңдеін жазыңыз.
(с) Аммиактың жай заттардан түзілуі қайтымды үрдіс.