Название сайта

ТЖБ Биология 8 сынып 1-тоқсан жауаптар

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Биология» 8 сынып 1-тоқсандық жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

«Биология» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)

ТЖБ Биология 8 сынып 1-тоқсан жауаптар

Мысал үлгілері және балл қою кестеcі
«Биология» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Суретте прокариот және эукариот жасушалары берілген.
(а) Эукариот жасушасын белгілеңіз.
[1]
(b) Эукариот жасушасының прокариот жасушасынан екі ерекшелігін көрсетіңіз.
................................................................................................................................................................
...........................................................................................................................................................[2]
2. Жануралар ұлпаларының типтерін көрсетіңіз.
А) эпителий, жүйке, бұлшықет және дәнекер
В) эпителий және тірек
С) өткізгіш және негізгі
D) эпителий, жүйке, бұлшықет және тірек
[1]
3. Көмірсулар мен липидтер тірі ағзаларының атқаратын негізгі үш биологиялық қызметін
атаңыз.
................................................................................................................................................................
................................................................................................................................................................
...........................................................................................................................................................[3]
4. Көмірсулар – ағзада көптеген қызмет атқарады. Берілген тізімнен энергия көзі болып
табылатын көмірсуды көрсетіңіз.
A) глюкоза
B) жасұнық
C) хитин
D) крахмал
[1]
5. Нәруыз-молекулалары өте күрделі болатын аминқышқылдарынан құралған органикалық
зат. Олар организмде әртүрлі қызмет атқарады.
(a) Химиялық реакциялардың жүруін тездететін нәруызды атаңыз.
………………………………………………………………………………………………........ [1]
(b) Оттегін тасымалдау қызметін атқаратын нәруызды атаңыз.
…………………………………………………………………………………………….........… [1]