Название сайта

БЖБ Дүниежүзі тарихы 7-сынып 4-тоқсан жауаптар «Америка Құрама Штаттарының күшеюі»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Америка Құрама Штаттарының күшеюі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Дүниежүзі тарихы» 7-сынып 4-тоқсан

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 7-сынып білім алушыларына «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, йымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

БЖБ Дүниежүзі тарихы 7-сынып 4-тоқсан жауаптар «Америка Құрама Штаттарының күшеюі»

«Америка Құрама Штаттарының күшеюі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып АҚШ-тағы құлдық қалай жойылды ?
Неліктен АҚШ өз әскери кемелерін Жапонияға жіберді?
Оқу мақсаты 7.4.2.1 Түрлі мемлекеттердің өнеркәсіптік даму сатысына өту
процесінің ерекшеліктерін анықтау
7.2.1.2 Миссионерліктің міндеттерін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Мемлекеттердің өнеркәсіптік даму сатысының
ерекшеліктерін ажыратады
 Миссионерлердің міндетін көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Әлемдік өнеркәсіп өндірісіндегі АҚШ-тың үлесін анықтаңыз.
АҚШ-тағы азаматтық соғыс жылдарының бастапқы кезеңiнде өнеркәсiп өнiмi 4-
орынға шықты. 1860 жылғы АҚШ өнеркәсiп өндiрiсiнiң жедел дамуын немен
түсiндiресіз?
2 мысал келтіріңіз
ХIХ ғасырдың бiрiншi жартысында жол-көлiк жүйесi де жылдам дамуына мысал
келтiрiңіз.
ХIХ ғасырда АҚШ-та жұмысшы қозғалысы Батыс Еуропа елдерiне қарағанда неге
баяу жүрдi?
Америка жұмысшыларының таптық күрестегi қайшылықтарының 1 себебiн
анықтаңыз.
2. «Әлемдік өнеркәсіп өндірісіндегі елдердің үлесі (%)» диаграммасын талдаңыз.