Название сайта

БЖБ География 8-сынып 3-тоқсан жауаптар «Экономикалық география»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Экономикалық география»  бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«География» 8-сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар 8-сынып білім алушыларына «География» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу үшін мұғалімге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «География» пәні бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 8-9-сыныптарына арналған «География» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
 
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың  тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген. 

БЖБ География 8-сынып 3-тоқсан жауаптар «Экономикалық география»

«Экономикалық география» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Табиғи ресурстарды экономикалық және экологиялық
тұрғыдан бағалау. Дүнижүзі аймақтарының табиғиресурстық потенциалы. Табиғи ресурстарды өңдеу
технологиясы, орталықтары және дайын өнім түрлері.
Оқу мақсаты 8.5.1.1 Табиғи ресурстарды экономикалық және
экологиялық тұрғыдан бағалайды
8.5.1.2 Жекелеген дүниежүзі аймақтарының табиғиресурстық әлеуетін бағалайды
8.5.1.3 Жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде
жекелеген табиғи ресурстарды өңдеу технологиясын
сипаттай отырып, орталықтары мен дайын өнім түрлерін
атайды
 Білім алушы
Бағалау критерийі • Табиғат ресурстарына экономикалық және
экологиялық тұрғыдан баға береді.
• Жеке аймақтардың табиғи ресурстық әлеуетін
анықтайды
• Табиғи ресурстарды өңдеу технологиясын
сипаттайды
• Табиғат ресурстарының орталықтары мен өнім
түрлерін атайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Табиғат ресурсын игеру жолы көрсетілген суретпен жұмыс жасаңыз.

 1-сурет 2-сурет
(а) 1-суретте көрсетілген пайдалы қазбаны игерудің мемлекет экономикасына тигізетін
әсерін бағалаңыз.