Название сайта

ТЖБ Химия 8 сынып 2-тоқсан жауаптар

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Химия» 8 сынып 2-тоқсандық жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

«Химия» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)

ТЖБ Химия 8 сынып 2-тоқсан жауаптар

«Химия» пәнінен 2-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмаларының үлгісі
1. Табиғи отындар туралы дұрыс тұжырымдарды көрсетіңіз.
1. Табиғи отын жану үшін өте көп энергия қажет және бұл процесс эндотермиялық
деп аталады
2. Табиғи отындар жанған кезде көп энергия бөліп шығарады және бұл процесс
экзотермиялық процеске жатады
3. Табиғи отын жану үшін өте көп энергия қажет және бұл процесс экзотермиялық
деп аталады
A) тек 1
B) тек 2
C) тек 3
D) 1 және 2
[1]
2. Массасы 2,2 г көмірқышқыл газының зат мөлшерін есептеңіз.
A) 0,05 моль
B) 0,25 моль
C) 1 моль
D) 2 моль
[1]
3. Массасы 7 г иіс газының (СО); (а) зат мөлшерін (b) құрылымдық бөлшектер санын
есептеңіз.
[2]
4. (a) Авогадро заңын толықтырып жазыңыз.
Тұрақты қысым мен температурада әр түрлі газдардың бір молі
___________________________________________________________________ алады.
(b) Зат мөлшерлері 1,5 мольге тең оттегі, озон және сутегі газдарының қалыпты жағдайда
алатын көлемін есептеңіз.
[2]
5. Көмірсутекті отындар жануына байланысты (оттектің жетуі немесе жетіспеуі) су және әр
түрлі өнімдер түзеді.
Көмірсутекті отындар жанған кезде судан басқа түзілетін өнімдерді жазыңыз.
(a) шала жану өнімі:__________________________________________________
(b) толық жану өнімі: __________________________________________________
[2]
6. Суретте зат күйінің бір күйден екінші күйге
ауысуы көрсетілген. Осы кездегі зат күйі мен
олардың арасындағы энергия өзгерісін
бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіріңіз.