Название сайта

БЖБ Физика 8-сынып 3-тоқсан жауаптар «Тұрақты электр тогы»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Тұрақты электр тогы»  бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Физика» 8-сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8-сынып білім алушыларына «Физика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған

БЖБ Физика 8-сынып 3-тоқсан жауаптар «Тұрақты электр тогы»

«Тұрақты электр тогы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 8.4.2.2 - электр схемасын графикалық бейнелеуде электр
тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолдану
8.4.2.11 - өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда
тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр
тізбектеріне есептеулер жүргізу
8.4.2.13 - Джоуль-Ленц заңын есептер шығару үшін қолдану
Бағалау критерийлері Білім алушы
• Электр схемасын графикалық бейнелеуде электр
тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолданады
• Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда
тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр
тізбектеріне есептеулер жүргізеді
• Токтың энергетикалық параметрлерін табу үшін
тұрақты ток заңдарын есептер шығаруда қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану

Тапсырма
1. Суретте оқушы екі шамды да ток көзіне қосу үшін қандай кілттерді пайдаланады?
A) 1 және 2
B) 1, 2 және 3
C) 1 және 3
D) 2 және 3
 [1]
2. 60 Вт, 240 В белгісі бар төрт шам номинал режимде жұмыс жасау үшін қай сұлба
бойынша жалғау тиімдірек?