Название сайта

БЖБ Геометрия, 8-сынып 4-тоқсан жауаптар «Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Геометрия 8-сынып 4-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8-сынып оқушыларына «Геометрия» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім  ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың бөлім бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген

БЖБ Геометрия, 8-сынып 4-тоқсан жауаптар «Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі»

«Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі»
бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Жазықтықтағы координаталар әдісі
Мәтін есептерді шығару
Оқу мақсаты 8.1.3.14 жазықтықта координаталарымен берілген екі нүктенің
арақашықтықтығын есептеу
8.1.3.17 центрі (a, b), радиусы r болатын шеңбердің теңдеуін (𝑥 −
𝑎)2 + (𝑦 − 𝑏)2 = 𝑟2 білу
8.1.3.20 координаталармен берілген қарапайым есептерді
шығару
Бағалау критерийі Білім алушы:
 Екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын қолданады
 Шеңбердің теңдеуін құрады
 Координатамен берілген есептерді шығарады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма
1. АВ кесіндісінің ұзындығы 10-ға тең. Егер А (5; у) және В (-3, 4) болса, у-тің мәнін табыңыз.
[3]
2. АВ – центрі О нүктесі болатын шеңбердің диаметрі. Егер А және В нүктелерінің
координаталары сәйкесінше (5;0), (3;-8) болса, онда шеңбердің теңдеуін құрыңыз.
[3]
3. АВС үшбұрышының төбелерінің координаталары А (3;4), В(5;8), С(9;6). АВС үшбұрышы
үшін:
а) АВС үшбұрышының түрін анықтаңыз;
b) ВК медиана екені белгілі болса, онда К нүктесінің координаталарын табыңыз;
с) АВС үшбұрышының ауданын табыңыз.
[6]