Название сайта

БЖБ Биология 7-сынып 4-тоқсан жауаптар «Микробиология және биотехнология»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Микробиология және биотехнология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Биология 7-сынып 4-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 7-сынып оқушыларына "Биология" пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) 7-сыныптың "Биология" пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың Тапсырмаы мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған Оқу мақсатына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған Бағалау критерийі мен дескрипторлары бар Тапсырма ұсынылған. Сондайақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар Тапсырма ұсыныс түрінде берілген

БЖБ Биология 7-сынып 4-тоқсан жауаптар «Микробиология және биотехнология»

«Микробиология және биотехнология»
бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 7.4.3.1 Бактериялар формаларының әртүрлілігін сипаттау
7.4.3.2 Ірімшік және йогурт өндірісін зерттеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Бактерия формаларын анықтайды
• Ірімшік және йогурт өндірісін зерделейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Жоғарғы деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15 минут
Тапсырма

1. (a) Микробиология ғылымы нені зерттейді?
A. Жануарлардың тіршілік әрекетін.
B. Қарапайымдардың тіршілік әрекетін.
C. Жай көзге көрінбейтін ағзалардың тіршілік әрекетін.
D. Өсімдіктердің тіршілік әрекетін.
(b) Төмендегі суреттерден бактериялардың формаларын анықтаңыз.
2. Суретте йогурт дайындау үдерісі бейнеленген.
(а) Суретті пайдаланып, йогурт дайындау үдерісін сипаттаңыз.
(b) Йогурт әзірлеу кезінде сүттің температурасы 42o
C болғанда ғана ұйытқыны
қосады, неліктен?
(с) Ұйытқы араласқан қоспаны бөлме температурасында бір тәулікке қалдырады.
Неліктен қоспаны тоңазытқышқа қалдыруға болмайды?