Название сайта

БЖБ География 7-сынып 2-тоқсан жауаптар «Физикалық география»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Физикалық география»  бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«География» 7-сынып 2-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар 7-сынып білім алушыларына «География» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу үшін мұғалімге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «География» пәні бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «География» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
 
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың  тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген. 

БЖБ География 7-сынып 2-тоқсан жауаптар «Физикалық география»

«Физикалық география» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Атмосфера және оның құрамдас бөліктері
Ауа райы және метеорологиялық элементтер
Қолайсыз атмосфералық құбылыстар
Оқу мақсаты 7.3.2.2 Атмосфераның құрылысы мен қабаттарының
ерекшеліктерін графикалық түрде бейнелеп, түсіндіреді
7.3.2.6 Жергілікті жер мүмкіндігі бойынша температура,
қысым, жел, бұлттылық, жауын-шашын ылғалдылық
метеорологиялық элементтердің көрсеткіштері бойынша
синоптикалық графикалық материалдарды жасайды
7.3.2.7 Жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде
қолайсыз атмосфералық құбылыстарды талдай отырып,
сақтану шараларын ұсынады
Бағалау критерийі Білім алушы
• Атмосфераның құрамдас бөлігін ажыратады және
үлесін график түрінде көрсетеді
• Атмосфераның әр қабатының ерекшелігін талдайды
• Кез келген аймақтың ауа райын сипаттайды.
Қолайсыз атмосфералық құбылыстың түрін
ажыратады және сақтану шараларын ұсынады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз,тапсырмаларды орындаңыз.
a. Атмосфера дегеніміз не? ___________________________________________
b. Атмосфера қабаты мынадай газдардан тұрады: ________________________
Газдардың үлесін шеңберлік диаграмма арқылы көрсетіңіз.
2. Сызбаны толтырыңыз.
a. Атмосфера қабаттарын жазыңыз _________________________________________
b. Суретте көрсетілген атмосфералық қабаттардың бір ерекшелігін сипаттаңыз.