Название сайта

БЖБ Қазақ тілі 7-сынып 4-тоқсан жауаптар «Ғылыми фантастика. Пунктуация»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Ғылыми фантастика. Пунктуация» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі» 7-сынып 4-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 7-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

БЖБ Қазақ тілі 7-сынып 4-тоқсан жауаптар «Ғылыми фантастика. Пунктуация»

Бөлім «Ғылыми фантастика. Пунктуация»
Оқу мақсаты 7.2.4.1 идеясы ұқсас публицистикалық және көркем
әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы,
мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра
талдау
7.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап,
тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы
шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу
(дискуссивті эссе)
Бағалау критерийі Білім алушы
 Публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі
мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты
аудиториясы, тілдік ерекшелігі тұрғысынан
салыстырады
 Құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселеге өз
көзқарасы мен шешу жолдарын ұсынып эссе
жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
1. Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, құрылымы, стилі, мақсатты аудиториясы, тілдік
ереркшелігі тұрғысынан салыстырыңыз.
1-мәтін
Бала ұйықтағанда адам сенбес түстер көретін. Түсінде бала үстіне ақ халат киіп,
зертхана ішінде жүргендей болатын. Әр түнде ұйқыға кетісімен түсінде жүргізген
тәжірибелері күрделене түсті. Қарапайым көлбеу жазықтықтан төмен дөңгелеп түскен
металл шардың уақытын өлшеуден күрделі физикалық-химиялық тәжірибелер реттерін
тапты.
Он бір жасында бала көңілі түнгі аспанға ауды. Әжесінің сынған көзілдірігінен
және ойыншықтар арасынан шыққан лупаны пайдаланып, қағаздан түтік орады. Галиео
Галилей аспанға бағыттаған алғашқы телескоп сияқты еді. Телескоппы түнгі аспанға
емес, күндізгі аспандағы жарық жұлдызға бағыттады. Галиео Галилей ашқан жаңалықты
жаңғыртып мәз-мейрам. Өңінде дәлел тапқан тәжірибелер бала қолын қатайтып түстерін
өңге айналдыруға жол салды. Жеткіншек бала қолы жетер заттарды пайдаланып, бір жыл
ішінде Галилейдің, Ньютонның, Герцтің тәжірибелерін жасап, түстердің мыңнан бір
бөлігін дүниеге әкелді. Өсе келе түнгі ұйқыда көретін түстері азайды. Көре қалса ғажап
аспаптармен, құралдармен, машиналармен жұмыс істейтін. Көзінің өткірлігі қиялының
шексіздігімен, тез ойша білген көргенін байланыстыру қабілетімен ауысты.
Алда оны үлкен істер, ашылмаған жаңалықтар күтіп тұрғаны анық.
2-мәтін
Жас жазушылар жинағының мазмұны бай. Палитрасы сан қырлы, алуан бояулы.
Достықты, махаббат пен адамгершілік лағыл қасиеттерді қызыл тінге айналдырған
лирикалық әңгімелермен бірге, туған жер, ел тағдырын толғаған тебіреніске толы
туындылар, аңыз-әфсана, фантастика, сатиралық дүниелер де бар. Ендігі сөз – ғылымифантастикалық әңгімелері төңірегінде. Баянымызды сабақтамастан бұрын қазақ
әдебиетіндегі кенже жанрдың сыр-сипатына аз-кем тоқталған жөн шығар.
Фантастика. Аса қиын да, өте күрделі тақырып. Жалғыз ауыз сөздің аясы мейлінше
кең. Бұл ұғымның қазақ санасындағы түйсік-түсінігі кенеусіз ауқымды, мақсат-мұраты