Название сайта

ТЖБ Қазақ тілі 7-сынып 3-тоқсан жауаптар

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

Қазақ тілі 7 сынып 3-тоқсандық жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

«Қазақ тілі» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)

Тапсырма түрлері:
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады:
біріншісі -тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын,
екіншісі - оқылым және әдеби тіл нормаларын,
үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.

ТЖБ Қазақ тілі 7-сынып 3-тоқсан жауаптар

«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Ғаламтор ғаламаты. Морфология
Қазақстандағы ұлттар достастығы. Морфология
Дұрыс тамақтану. Морфология
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді оқып, онда көтерілген басты мәселені өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.
2. Мәтіннен 2 факті мен 2 автордың көзқарасын білдіретін ақапаратты табыңыз және
себебін түсіндіріңіз.
[10]
Мәтіндер
1-мәтін
Әдемі орауыштағы виртуалдық өмір. Дерт пе, әлде қажеттілік пе?
«Әлемді жаулаған әлеуметтік желілер неше түрлі гламурлық көріністерге толы.
Адамның жеке өмірінің күн сайын онлайн режимінде таратылу ауқымы кеңейіп келеді. Тіпті,
бұрынғыдай жүздесіп, көзбе-көз шүйіркелесу мүмкін болмай қалды. Керек болса, лифтодәретхана, ванна, спорт-фитнес және өзге де «селфшоттар» ғаламторды жаулап алды.
Тордағы қауымдастықтар «эксгибиционистер» және «вуаейристер» болып қақ айырылды.
Гламурдың бас сұқпаған саласы жоқ. Біздің жеке өмірімізге, әдебиетке, өнерге, тіпті, ғылым
саласына да ендеп барады. Қазірде әлем халқының 57 пайызы бетпе-бет тілдесуден гөрі
ғаламтор арқылы тілдеседі екен. Әлеуметтік желі адамдарды шынайы өмірден алыстатады.
Бұл әсіресе, жастар арасындағы күрделі проблема болып отыр. Күн ұзаққа желіде отыратын
бала адамдармен шынайы араласа алмайды, тұйықталып, ғаламторға тәуелді болады.
Заманауи қоғам қайда бағыт алды? Бұл «кесел» қашанға дейін созылады? Келешекте
интернет-технологиялар бізді несімен таң қалдырады?
2-мәтін
Әлеуметтік желі — қауіп пе, қажеттілік пе?
«Internet World Stats» агенттігінің зерттеуіне сүйенсек, Қазақстанда 5,6 миллион адам
әлеуметтік желілерді пайдаланады. Интернеттің осы бір құдіреті әлемнің ақпарат
кеңістігінде оң әсер еткенімен, жас ұрпақтың келешегіне тигізетін зиянды екені айтылуда.
Қолы қалт етсе, әлеуметтік желіге шұқшиятын жеткіншектеріміздің кез келген уақытта
алаяқтың арбауына түсіп қалуы өте оңай. Сайттарды шарлап, жағымсыз қылықтарға бой
үйретеді. Әлеуметтік желілер - уақыт ұрлаушылар. Адамның желіге тәуелділігі сондай, бас
алмастан отырып минуттардың, оның артынан сағаттардың қалай жылжып кеткенін
байқамай да қалады. Мұның соңы қайда апарып соғады? Бір жағынан жан-жақты білімді
ұрпақ өсіру үшін ғаламтор игілігін пайдаланбасқа болмайды. Екіншіден, уақытымызды
үнемдейміз. Сонымен әлемді жаулаған әлеуметтік желі қазақ болашағына қауіп пе,
қажеттілік пе?
3-мәтін
Біз кімге айналып бара жатырмыз?
Дүниежүзілік сауда ұйымының талабы бойынша құрамдас елдер генетикалық
түрлендірілген тағамдарды импорттауға шектеу қоймауға тиіс. Алайда айтып өткеніміздей,
АҚШ пен Англия гендік модификациядан өткен өнімдердің өз елдерінде сатылуына шек
қойып отырады. Сол секілді, Ресей ғалымдары да бір елді-мекен тұрғындарына Қытайдың
трансгенді өнімдерін ғана беріп отырып, екі жыл бойы бақылау жүргізген. Ауыл тұрғындары
таза органикалық өнімдермен тамақтанған көршілес ауыл тұрғындарымен салыстырғанда, ас
аллергиясына көп ұшырағыш болып кеткені анықталғанға ұқсайды...