Название сайта

БЖБ Қазақ тілі 7-сынып 3-тоқсан жауаптар «Қазақстандағы ұлттар достастығы. Морфология», «Дұрыс тамақтану. Морфология»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Қазақстандағы ұлттар достастығы. Морфология», «Дұрыс тамақтану. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі» 7-сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 7-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

БЖБ Қазақ тілі 7-сынып 3-тоқсан жауаптар «Қазақстандағы ұлттар достастығы. Морфология», «Дұрыс тамақтану. Морфология»

Бөлім «Қазақстандағы ұлттар достастығы. Морфология», «Дұрыс тамақтану.
Морфология»
Оқу мақсаты 7.2.4.1 идеясы ұқсас публицистикалық және көркем
әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы,
мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра
талдау
7.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа
байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары
немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе)
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Орындау уақыты
Білім алушы
 Публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі
мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты
аудиториясы, тілдік ерекшелігі тұрғысынан
салыстырады
 Құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселеге өз
көзқарасы мен шешу жолдарын ұсынып эссе жазады
Жоғары деңгей дағдылары
15-20 минут
Тапсырма
1. Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, құрылымы, стилі, мақсатты аудиториясы, тілдік
ереркшелігі тұрғысынан салыстырыңыз.
1-мәтін
Нан
(әңгімеден үзінді)
...Олар сай қуалап, орылмаған бидайдың ішіне енді. Бұқпантайлап жүріп, өнімді де
тиімді шаруаға кірісті. Әбден жетіліп, қауызынан дәні төгілген есіл бидай болымсыз
желге судыр-судыр етеді. — Ой, апа! — деді Қонысбай, белеңге шыға келген салт аттыны
көріп. Ойпаңдау жерге екеуі де зым-зия бұға қалды. Аттың дүбірі біртін-біртін бұларға
жақындай берді, жақындай берді...
— Иә, балалар, жасырынбақ ойнап жүрсіңдер ме?.. Тұр орындарыңнан! Екі дос
ырсылдап, пысылдап, күрсініп, аспай-саспай түрегелді. Жақсылық ағай екен! Протезін
сықырлатып, ердің үстінде қисайып отыр. Сәл көңілсіздеу болғанымен, жүзі онша сұсты
емес, сабырлы, инабатты. Бұл кісі биыл көктемде бір аяғын беріп, кемтар боп майданнан
оралған. Ат үстіндс мықшиып отырған Жақсылық әрқилы ойда. Тесік тамақ үшін күнге
күйіп, сары адырда сандалып жүрген мына шермік қарын жетімектерге қайтіп кемістік
білдірмек? Қайтіп қолы бармақ? Тәртіп бойынша бұларға өз сыбағаларын жақсылап
тұрып беру керек еді. Бірақ... Қорықшы ағай ауыр күрсінді. — Шырақтарым,— деді ол
байыппен, атының жалын сипап жатып,— бұл үкіметтің астығы. Майдандағы көкелеріңе
нан керек. Ашық аспан астында олар Гитлер фашизмімен соғысып жатыр. Кім үшін?
Сендер үшін. Сендердің болашақ бақыттарың үшін!.. Біз ауылдамыз. Быламық ішсек те,
талқан жесек те өлмейміз... Масақ тергілерің келсе, комбайн жүріп өткен аңызаққа
барыңдар, бәріңе де жетеді... Екінші рет бүйтіп бейбастық жасамаңдар!.. Ол қойнынан бір
нан алып балаларға берді. Сөйтті де атын шоқырақтатып жөнеп қалды. Оның оң
аяғындағы ағаш протезі салақтап бара жатты.
Тоқаш Бердияров