Название сайта

ТЖБ Қазақ әдебиеті 7 сынып 2-тоқсан жауаптар

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Қазақ әдебиеті» 7 сынып 2-тоқсандық жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)

Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудыңқұрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім -түсіну және жауап беру, екінші бөлім -анализ және интерпретация, үшіншісі-бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.

ТЖБ Қазақ әдебиеті 7 сынып 2-тоқсан жауаптар

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Ш. Қанайұлының «Зар заман» өлеңінің негізгі сарыны қандай?
А) ескілікті көксеу
В) саясатты сынға алу
С) жаңашылдыққа ұмтылыс
Д) заман ағымына ілесуге шақыру
[1]
2. Берілген өлең шумағы кімге тиесілі?
Боз жапалақ сен едің,
Қияқты сұңқар мен едім,
Тырнағыма ілінсең,
Қалмайды желкең қиылмай!
А) Жамбыл
В) Қатаған
С) Сүйінбай
Д) Шортанбай
[1]
3. Ж. Жабаевтың «Зілді бұйрық» өлеңі қай жылғы тарихи оқиғаға байланысты жазылған?
А) 1917ж. Қазан төңкерісі
В) 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыс
С) 1941-1945 ж. Ұлы Отан соғысы
Д) Романовтар әулетінің 300 жылдық мерейтойы
[1]
4. Берілген өлең жолдарындағы бұйрықтың не туралы екенін анықтаңыз.
«Верныйдан» жандаралдар бұйрық қылды,
Құйрығы бұйрығының тіпті зілді.
«Отыз бір - он тоғызды алад» деген
Суық хабар халықты бұлқындырды.
А) еркінен тыс болыстыққа сайлау
В) майданға ерікті жасақ құру
С) патша әскерлерін жасақтау
Д) тыл жұмысына қол жинақтау
[1]
5. Сүйінбай мен Қатаған қай жылы, қай жерде айтысқан?
А) 1831 жылы, ақын Сүйінбай елінде
В) 1844 жылы, паң Нұрмағанбеттің асында
С) 1847 жылы, Орманханның шешесінің асында
Д) 1847 жылы, қырғыз манабы Қатағанның аулында
[1]
6. Қатағанмен болған айтыс барысында Сүйінбайдың бойынан қандай қасиеттерді
байқадыңыз? Ойыңызды жеткізіңіз (3-4 сөйлем).
___________________________________________________________________________[2]
7. Мына заман, қай заман?
Азулыға бар заман,
Азусызға тар заман...деген жолдардың мәнін ашыңыз. Ойыңызды дәлелдеп жазыңыз (3-4
сөйлем)._______________________________________________________________________
[2]
8. Өлең неліктен «Зілді бұйрық» деп аталған? Нақты дәлелдер арқылы өз көзқарасыңызды
білдіріңіз (3-4 сөйлем). ___________________________________________________________
[2]