Название сайта

ТЖБ Қазақстан тарихы 6 сынып 4-тоқсан жауаптар

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

4-тоқсандық жиынтық бағалау «Қазақстан тарихы» 6-сынып

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс. Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. 


Тоқсанбойыншажиынтықбағалаудаәртүрлітапсырмалар:көптаңдауыбар сұрақтар, қысқа / толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 тапсырмадан тұрады.Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.

ТЖБ Қазақстан тарихы 6 сынып 4-тоқсан жауаптар

«Қазақстан тарихы» пәнінен IV тоқсанға арналған
жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Әлеуметтік топтардың қоғамдық қызметіне қарай сәйкестендіріңіз.
1.Хан А. Шыңғыс хан ұрпағы, хан бөліп берген ру-тайпаларды
басқарады, оларға жерлерді бөліп береді, хан сайлауына қатысады,
елге жау шапса, ханға елден әскер жасақтайды.
2.Сұлтан B. Ерлігінің арқасында қараша халық арасында кеңінен танылған, жерді
және елді қорғайды, хан-сұлтанның үкімін орындайды, бидің шешімдерінің
жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді
3.Би C. Қалада тұрады, бұрын малшы болғанымен, туыстары немесе өзі
барлық малдарынан айырылып қалғандықтан, қалаға қоныс
аударған, жер жыртады, егістік суғарады, сөйтіп азын-аулақ күн
көріске ақша табады
4.Батыр D. Байдың малын бағады, кедейленіп, қиын жағдайға душар болса,
байдан сауын ала алады, мүлкінен айырылып қалса, туыстарынан,
басқалардан жылу жинайды, қиын жұмыстар істеу үшін
ағайындары арасында асар жасайды
5.Малшы E. Мемлекет басшысы, Шыңғыс хан ұрпағы, қараша халықтан жоғары
тұрады, әскерді басқарады, халыққа жер бөліп береді, бүкілхалықтық
Құрылтай шақырады.
6.Жатақ Ғ. Шешендік, тапқырлық қасиеттің арқасында ел басқаруға
қатысады, бөліп берген жерлерді басқарады, сот билігін
жүзеге асырады, елдің күрделі мәселелерін шешуге қатысты
Құрылтайға қатысады.
7.Қожа G. Шыңғыс хан ұрпақтары сияқты ақсүйек болып саналады, ислам
дінін таратады, халық арасында шариғаттың сақталуын қадағалайды
Жауаптары:
1- 2- 3- 4- 5- 6- 7-
[7]
2. Мәтіндегі бос орынға сөздерді орналастырыңыз
Жәңгiр хан ұрыс майданында Дала өңiрi үшiн озық жаңа әскери әдiстердi пайдаланды. Таулы жердi
ептiлiкпен пайдалана бiлiп, өз жасағын шебер басқарудың арқасында үлкен жеңiске жеттi. Сол кезеңдегi
орыс құжаттары бойынша, 1__________өз адамдарының жартысына «от қарумен» бiрге тау арасындағы
өткелде ор қазып бекiнуге бұйырып, ал «өзi үш жүз адаммен тастың ар жағына жасырынады». Ойраттар
шатқалға енген кезде оларды бораған мылтық оғы қарсы алды. Жаудың дүрлiгiп есi шықты, осы сәтте
жауға тылдан Жәңгiрдiң өзi соққы бердi. Көп кешiкпей қазақтарға көмекке Самарқан билеушiсi
2_________адамымен келдi. 3___________талқандалып, «бұл ұрыста он мыңдай адамынан»
айырылғаннан соң кейiн шегiндi. Жоңғар Алатауы төңiрегiндегi 4___________мекенi шешушi шайқас
орны ретiнде аталды.