Название сайта

БЖБ Қазақстан тарихы 6 сынып 3-тоқсан жауаптары «XIII – XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«XIII – XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан» бөлімібойынша жиынтық бағалау

«Қазақстан тарихы» 6-сынып 3-тоқсан

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 6-сынып білім алушыларына «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

БЖБ Қазақстан тарихы 6 сынып 3-тоқсан жауаптары «XIII – XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан»

«XIII – XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық
бағалау
Тақырып Моңғол империясының құрылуы
Ақ Орда
Оқу мақсаты 6.2.2.3 Көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін
сипаттау
6.3.2.5 Тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап,
Қазақстан аумағында XIII – XV ғасырларда құрылған
мемлекеттердің сыртқы саясатын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Көшпелілердің әскери өнерінің жетістіктеріне
сипаттама береді
• XIII – XV ғасырларда құрылған мемлекеттердің
сыртқы саясатына түсіндірме жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Төменде берілген мәтінді және өз біліміңізді пайдаланып, Моңғол әскерінің жеңістке
жетуінің себептерін анықтаныз.
Шыңғыс-хан мемлекетті әскери тұрғыдан ұйымдастырды. Бүкіл территориясы мен халқы
оң қанат (барунғар), сол қанат (зұңғар – жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскериәкімшілік округке бөлінді. Әрбір округ түменге бөлінді. Олардың әрқайсысы он мың адамнан
тұрды, «мыңдықтар» – он «жүзден», ал «жүздіктер» «ондықтан» құралды. Мемлекеттің
барлық аумағында 95 түмен болды. Мемлекеттің басты заңы «Жасақ»деп аталды.
1.
2.
3.
2. Кестеде берілген тарихи тұлғаларды сөздерімен сәйкестендіріңіз. Цитаталармен
байланысты саяси оқиғаны толықтырыңыз.
Тарихи
тұлғалар
жауабы Тұлғалардың сөздерінен үзінділер Цитаталармен
байланысты
саяси оқиғалар