Название сайта

БЖБ Информатика 6 сынып 2-тоқсан жауаптары «Компьютерлік графика»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Компьютерлік графика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Информатика» 6-сынып 2-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 6-сынып білім алушыларына «Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) негізгі орта мектептің (5-9-сыныптары) «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 6-сыныпта жиынтық бағалау барлық тоқсанда өткізіледі.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген. 


БЖБ Информатика 6 сынып 2-тоқсан жауаптары «Компьютерлік графика»

«Компьютерлік графика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 6.2.2.2 Векторлық кескіндерді құру және өңдеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Векторлық кескіндер құра алады
• Векторлық кескіндерді өңдей алады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырмалар
1. Графикалық редакторда салынған векторлық кескін берілген . Бұл кескінді
салу үшін қолданылатын екі құрал-сайманды анықтаңыз.
__________________________________________________________________________
2. Векторлық графикалық редакторда аққала суреті салынған. Суретті салу ретін
жазыңыз.
1 4