Название сайта

БЖБ Математика 6-сынып 4-тоқсан жауаптары «Шамалар арасындағы тәуелділіктер»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Шамалар арасындағы тәуелділіктер» бөлім бойынша жиынтық бағалау

«Математика» 6 сынып 4-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 6-сынып білім алушыларына «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныста бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

БЖБ Математика 6-сынып 4-тоқсан жауаптары «Шамалар арасындағы тәуелділіктер»

«Шамалар арасындағы тәуелділіктер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Шамалар арасындағы тәуелділіктерді берілу тәсілдері:
аналитикалық (формула арқылы), кестелік, графиктік тәсіл
Нақты процестердің графиктерін қолданып шамалар
арасындағы тәуелділіктерді зерттеу
Тура пропорционалдық және оның графигі
Оқу мақсаты 6.5.2.5 шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығару
6.5.2.7 сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын
жазу
6.5.2.10 шынайы процестердің графиктерін қолданып,
шамалар арасындағы тәуелділіктерді табу және зерттеу
6.5.2.11 тура пропорционал шамалардың арасындағы
шынайы тәуелділіктердің графиктеріне талдау беру
6.5.2.12 сипаттамасы бойынша тура пропорционалдықтың
формуласын жазу
6.5.2.13 тура пропорционалдықтың графигін салу
Ойлау дағдыларыңың
деңгейлі
Қолдану
Жоғарғы деңгей дағдылары
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын
жазады
• Шынайы процестердің графиктерін қолданып,
шамалар арасындағы тәуелділіктерді табады
• Тура пропорционалдықтың формуласын жазады және
графигін салады
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма
1. Төмендегі берілген шамалар арасындағы тәуелділіктерді формула арқылы жазыңыз:
a) Ауданы 63м2 болатын тіктөртбұрыштың ені мен ұзындығы;
b) 100 тетікті жасау станогының өнімділігі мен уақыт;
c) Шаршының периметрі мен оның ұзындығы;
d) 50 км арақашықтықтағы жылдамдықтық пен уақыт.
Тура пропорционалдығы бар формуланы тауып, олардың пропорционалдық коэффицентін
жазыңыз.
[5]

2. Баланың велосипедпен қозғалысының графигін пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз:
a) Графикте бала қанша уақыт жолда болған?
b) Бала қанша уақыт орнында тұрған?
c) Баланың ең үлкен жылдамдығы қандай болған?
d) 20-шы секундтан 50-ші секундқа дейін бала қанша жол жүрген?