Название сайта

БЖБ Математика 6-сынып 2-тоқсан жауаптары «Алгебрлық өрнектер»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Алгебрлық өрнектер» бөлім бойынша жиынтық бағалау

«Математика» 6 сынып 2-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 6-сынып білім алушыларына «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныста бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

БЖБ Математика 6-сынып 2-тоқсан жауаптары «Алгебрлық өрнектер»

«Алгебрлық өрнектер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Айнымалы. Айнымалысы бар өрнек
Жақшаларды ашу. Коэффициент. Ұқсас қосылғыштар. Ұқсас
қосылғыштарды біріктіру
Өрнектерді тепе-тең түрлендіру. Тепе-теңдік
Алгебралық өрнектерді түрлендіру
Мәтінді есептерді шығару
Оқу мақсаты 6.2.1.2 айнымалылардың берілген рационал мәндері үшін
алгебралық өрнектердің мәндерін есептеу
6.2.1.5 жақшаны ашу ережелерін білу
6.2.1.7 алгебралық өрнектерде ұқсас мүшелерді біріктіруді
орындау
6.2.1.9 алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау
6.5.2.4 мәтінді есептер шығаруда айнымалысы бар өрнектер мен
формулалар құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Айнымалылардың берілген рационал мәндері үшін
алгебралық өрнектердің мәндерін есептейді
• Жақшаны ашу ережелерін қолданады және алгебралық
өрнектерде ұқсас мүшелерді біріктіреді
• Алгебралық өрнекпен берілген тепе-теңдікті дәлелдейді
• Мәтінді есептер шығаруда айнымалысы бар өрнектерді
құрастырады
Ойлау дағдыларыңың
деңгейі
Қолдану
Жоғарғы деңгей дағдылары
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма
1. x=−6 болса, 𝑥2 − 6𝑥 + 9 өрнегінің мәні толық квадрат болатынын көрсетіңіз.
[3]
2. Өрнектерді ықшамдаңыз:


 

  + − 
 

 − − 12
1
4
3 4
6
1
3
2 6 a a
[3]
3. Алгебралық өрнекпен берілген тепе-теңдікті дәлелдеңіз:
(4х + 28)∙1,2 +1,3∙(х + 3) + (– 1,7 – 6,1х)=35,8
[4]
4. Катер 5 сағат ағыспен және 6 сағат ағысқа қарсы жүзді. Егер катердің меншікті
жылдамдығы v км/сағ, ал өзен жылдамдығы х км/сағ болса:
a) катердің ағыспен жүрген жолын;
b) катердің ағысқа қарсы жүрген жолын;
c) барлық жолды;
d) ағыспен жүрген жолдың ағысқа қарсы жүрген жолға қарағанда қаншаға көп екенін
математикалық модель түрінде көрсетіңіз.
[5]