Название сайта

БЖБ Казақ әдебиеті 6-сынып 4-тоқсан жауаптары «Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым» бөлім бойынша жиынтық бағалау

«Казақ әдебиеті» 6-сынып 4-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 6-сынып оқушыларына «Казақ әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 6-сынып «Казақ әдебиеті» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған.
Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. 

БЖБ Казақ әдебиеті 6-сынып 4-тоқсан жауаптары «Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым»

Бөлім «Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым»

Оқылатын шығарма Е.Жүніс «Менің атым -Тәуелсіздік» өлеңі
А.Алтай «Прописка»
Оқу мақсаты 6.1.3.1 - әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек
тұрғысынан сипаттау
6.2.1.1 - шығарма композициясындағы белгілі бір
эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Кейіпкерлерді тек тұрғысынан сипаттайды
• Берілген эпизодқа талдау жасайды
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
1. Ақын кейіпкері кім? Оны қалай сипаттайды?
Алып қорғанның құлағанын көрдім,
Небары алты жасымда.
Алып тұлғалар жылағанын көрдім,
Бастарын сүйеп ғасырға.
Алып таулардың шайқалғанын көрдім,
Алты жасымда соны ұқтым:
Алып сөздерді айта алғанын көрдім,
Ат төбеліндей халықтың...
Тәуелсіздік ше?
Ол – менің тегім,
ұлдарыма оны дарыттым.
Тәуелсіздік – мен,
ол – менің асқақ аңызым,
Болмысы ол ұлдың өзіңнен туған, Жарық Күн!!!
2. А.Алтайдың «Прописка» шығармасынан маңызды деп тапқан эпизодқа талдау жасап,
себебін түсіндіріңіз.
Маңызды эпизод Себебі
3. Е.Жүністің «Менің атым - Тәуелсіздік» өлеңі негізінде түйген ойыңызды таратып
жазыңыз.