Название сайта

ТЖБ Қазақ әдебиеті 6-сынып 3-тоқсан жауаптар

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

3-тоқсандық жиынтық бағалау «Қазақ әдебиеті» 6 сынып

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. «Қазақ әдебиеті» (бірінші тіл) пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)

Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім - түсіну және жауап беру, екінші бөлім - анализ және интерпретация, үшіншісі - бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.

ТЖБ Қазақ әдебиеті 6-сынып 3-тоқсан жауаптар

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1.Мен – балаң, жарық күнде сәуле қуған,
Алуға Күнді барып белді буған.
Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,
Болмасам толған Айдай балқып туған...- деген өлең жолдарында троптың қай түрлері
кездеседі?
А) эпитет, теңеу
В) теңеу, метафора
С) кейіптеу,теңеу
Д) эпитет, метафора
 [1]
2. Аян алғаш рет қалай тобығын тайдырды?
A) Алыс-жұлыс ойын үстінде күрескенімізде
В) Семіз бұзау мөңкіп-мөңкіп жығып кеткенде
C) Мұз айдынында сырғанақ теуіп жүргенде
D) Соқаға жегілген өгізден домалап түскенде
 [1]
3. «Қаралы қағаз» Аянға қай кезде келді?
A) Жазда
B) Қыста
C) Көктемде
D) Күзде
 [1]
4. Тортайдың арманындағы «ақ боз ат» не еді?
А) ақын болу
В) жазушы болу
С) Монғолияға бару
Д) жетімдіктен құтылу
 [1]
5. Қажымұқан бойынан қандай қасиеттерді байқадыңыз?
А) ашушаңдық, беріктік, намысшылдық
В) батылдық, еріншектік, намысшылдық
С) мықтылық, төзімділік, ақкөңілділік
Д) намысшылдық, отансүйгіштік, сөзге беріктік
 [1]
6. С.Торайғыровтың «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам...» өлең
жолдарындағы «қараңғы» деген сөзді қалай түсіндіңіз? Пікіріңізді жазыңыз.
____________________________________________________________________________
 [2]
7. Әңгімеші баланың Аянмен достығын сипаттап жазыңыз.
_____________________________________________________________________________
 [2]
8. Аянның ертегі айтудағы шеберлігіне қысқаша сипаттама беріңіз.
_____________________________________________________________________________
 [2]
9. Тортайдың «Мен міне алмаған ақ боз атты бәлкім сен мінерсің…» дегенін қалай түсінесіз?
_____________________________________________________________________________
 [2]