Название сайта

БЖБ Жаратылыстану, 5-сынып 4-тоқсан жауаптары «Әлемді өзгерткен жаңалықтар»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Әлемді өзгерткен жаңалықтар» бөлім бойынша жиынтық бағалау

«Жаратылыстану» 5 сынып 4-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 5-сынып білім алушыларына «Жаратылыстану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар «Жаратылыстану» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген. 

БЖБ Жаратылыстану, 5-сынып 4-тоқсан жауаптары «Әлемді өзгерткен жаңалықтар»

«Әлемді өзгерткен жаңалықтар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 5.7.1.1 Әлемді өзгерткен ғылыми жаңалықтарға мысал
келтіру
5.7.2.1 Болашақ ғылыми зерттеулер үшін зерттеу
идеяларын ұсыну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ғылыми жаңалықтарды талдайды
• Ғылымдағы болашақ зерттеулер үшін идеялар
ұсынады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15 минут
Тапсырма
1. Суретте әлемді өзгерткен әр түрлі саладағы жаңалықтар көрсетілген.
A B
a) Осы жаңалықты немесе өнертабысты атаңыз.
A____________________, B____________________.
b) А жаналық әлемді өзгертуге қалай әсер еткенін сипаттаңыз.
_______________________________________________________________
2. Қазіргі кезеңде ғылыми-техникалық ілгерілік дамып келе жатқан бағыттар:
o Жылдамдықтың өсуі.
o Табиғатта жоқ материалдарды құру.
o Әр түрлі құрылғылардың өлшемдерін кішірейту.
a) Сіздің ойыңызша берілген бағытқа сәйкес келетін ғылыми жаңалықтың кем
дегенде екі мысалын келтіріңіз.
1 –
2 -
b) Осы бағыттардың біреуіне қандай зерттеу сұрағы ұсынар едіңіз?