Название сайта

БЖБ Әдебиет, 5-сынып 2-тоқсан «Тәрбиенің қайнар бұлағы» Бөлім «Тәрбиенің қайнар бұлағы»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Тәрбиенің қайнар бұлағы» бөлім бойынша жиынтық бағалау

«Әдебиет» 5 сынып 2-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 5-сынып білім алушыларына «Әдебиет» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Әдебиет» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.


БЖБ Әдебиет, 5-сынып 2-тоқсан «Тәрбиенің қайнар бұлағы»

Бөлім «Тәрбиенің қайнар бұлағы»
Тақырып Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас»
Оқу мақсаты 5.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен ісәрекеті арқылы образын ашу
5.2.4.1 Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап, авторға
хат, өлең жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
 Шығармадағы кейіпкерлер портреті мен әрекеттері
арқылы образын сипаттайды
 Шығармадан алған әсерін өз пікірі арқылы жазбаша
(авторға хат, өлең жазу) жеткізеді
Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
1-тапсырма
Кейіпкердің әрекеттері мен портретін образды ашуда қолданыңыз.
Кейіпкер портреті
(Ақтан жас) мен іс-әрекетін ашудағы
өлең жолдары
Автордың кейіпкер образын ашудағы
сөз қолданысы
Жапанға біткен жапырақ,
Жамылсаң тоңар ма екенсің?
Жазғы шыққан бүлдірген,
Сұғынсаң тояр ма екенсің?
Бадана көз, тоғыз тор,
Сауыт киер ме екенсің?
Білтеліні тұтатып,
Түтінін үзбей оқ атып,
Жау қашырар ма екенсің?
Тұлпар атты жаратып,
Құйрық-жалын таратып,
Сырты қырлы, жүзі алмас,
Сапы асынар ма екенсің?
Тең құрбымен теңеліп,
Шаруа жиып кенеліп,
Бала сүйіп, мал жиып,
Керсеніне бал құйып,
Өмірде сүрер ме екенсің?
Жетімдіктен өтерсің,
Шаң бермей әлі кетерсің,
Қажыма, Ақтан, қажыма,
Жетерсің, әлі, жетерсің