Название сайта

ТЖБ Әдебиет 5 сынып 1-тоқсан

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

1-тоқсандық жиынтық бағалау «Әдебиет» 5 сынып

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Әдебиет» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс. Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. 

Тоқсандықжиынтықбағалаудыңнұсқасы3компоненттентұрады:біріншісі- тыңдалым, айтылым, екіншісі - оқылым, үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.

ТЖБ Әдебиет 5 сынып 1-тоқсан

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1. «Керқұла атты Кендебай» ертегісінің тақырыбын атаңыз.
А. әділдік
В. батырлық
С. махаббат
Д. ынтымақ
[1]
2. Батырлар жыры әдебиеттегі қандай жанрға жататынын анықтаңыз.
А. драмалық
В. лирикалық
С. трагедиялық
Д. эпостық
[1]
3. «Бұл не қылған дауыс?» деп, Қобыландының Естемістен сұраған сұрағына Естемістің
жауабын табыңыз.
А. ... Бұл сапарға бармасын, Бұл олжадан алмасын.
В. ...Тақымға салып сүйретіп, Қабырғасын күйретті.
С. ...Теңгені атып түсірген, Құртқаны сұлу сол алар.
Д. ...Көктім Аймақ патшасы, Кезекті бұған береді.
[1]
4. « - Мен айтсам, бұлардың айтып отырғаны - өтірік. Бұларға көрінбей мен де күзеттім.
Түн ортасы кезінде екі балаңыз ұйықтап қалды...» деген үзінді ертегінің қай бөлігі екенін
анықтаңыз.
А. Кендебайдың аралға баруы.
В. Кендебайдың биені күзетуі.
С. Баланың ата-анасымен қауышуы.
Д. Кендебайдың хан бұйрығын орындауы.
[1]
5. «... Ұзақ жүріп шаршаған шығарсыз, ордама жүріп, тынығып кетіңіз», - дейді. Әңгімедегі
қай кейіпкердің сөзі екенін анықтаңыз.
А.хан
В. кемпір
С. екі бала
Д. жетім бала
[1]
6. Аңыз бойынша Асан қайғының мінезіндегі ерекшеліктерді анықтаңыз, ойыңызды 2-4
сөйлеммен жеткізіңіз.
________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
[2]
7. Қарлығаның Қобыландыға көмектесуі дұрыс деп ойлайсыз ба? Ойыңызды 2-4 сөйлеммен
дәлелдеп жазыңыз.
________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
[2]
8. Кендебай батырдың бойынан қандай ерекшеліктерді көре алдыңыз? Өз көзқарасыңызды 2-
4 сөйлеммен білдіріңіз.
________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
[2]