Название сайта

БЖБ Әдебиет, 5-сынып 1-тоқсан «Таза, мінсіз асыл сөз»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Таза, мінсіз асыл сөз» бөлім бойынша жиынтық бағалау

«Әдебиет» 5 сынып 1-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 5-сынып білім алушыларына «Әдебиет» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Әдебиет» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.


БЖБ Әдебиет, 5-сынып 1-тоқсан «Таза, мінсіз асыл сөз»

Бөлім «Таза, мінсіз асыл сөз»
Тақырып Асан қайғы «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы,
«Қобыланды батыр» жыры
Оқу мақсаты 5.2.2.1 Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау
5.3.2.1 Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
 Шығармадағы автордың бейнесін анықтайды
 Шығарма кейіпкерлерінің әрекетін қазіргі өмірмен
салыстыра бағалайды
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
1-тапсырма
Шығармадан келтірілген үзінділерді пайдалана отырып, автордың бейнесін (негізгі ойын,
көзқарасын) анықтаңыз.
Асан қайғының (автор бейнесі) жерге айтқан сыны арқылы жердің қандай қасиеттері
туралы айтқанын анықтаңыз.
Асан қайғының сыны Қандай қасиеттер
туралы айтады?
Автор қандай
адам?
Түркістанның қасында ескі қорған қала
Сауранды көргенде: «Әттеген-ай,
қорғанды ай тақырдың бетіне,
Шөлістанның өтіне салған екен.
Сарқырап аққан суы жоқ, жайқалып
тұрған нуы жоқ, түбі тұрақты қала бола
алмас», - деген екен.
Баянауыл тауын көргенде: «Баянға
жаймай, қой семірмес», - деп, Асан
қазіргі Баянауылды өзіне жайлау етіпті.
Жетісуды көргенде: «Мынау Жетісудың
ағашының басы сайын жеміс екен,
шаруаға жақсы қоныс екен», - депті.
Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) тұсындағы
Сыр өлкесін көргенде: «Ей, Ақмешіт,
жерің шаң екен, суың жар екен, әр
бұтаның түбінде кесек етің бар екен! Елің
жұтамас, малыңның көзіне сақ бол!» -
депті.
Қарсақбай аймағын көргенде: «Айналаң
жапан түз екен, тауыңның асты жез екен,
екі тауың ел біткенді шақырар, басыңа
байлық қонар, жұртың ашықпас!» - деп