Название сайта

БЖБ Қазақ тілі, 5-сынып 4-тоқсан «Аспан әлемінің құпиялары. Синтаксис»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Аспан әлемінің құпиялары. Синтаксис» бөлім бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі Т1» 5 сынып 4-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 5-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде)» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.


БЖБ Қазақ тілі, 5-сынып 4-тоқсан «Аспан әлемінің құпиялары. Синтаксис»

Бөлім «Аспан әлемінің құпиялары. Синтаксис»
Оқу мақсаты 5.1.4.1 тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі
ойды анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
 Тірек сөздер мен жетекші сұрақтардың көмегімен
мәтіннің негізгі ойын анықтайды
Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
1.Мәтінді мұқият тыңдап, оның негізгі ойын беретін 3 тірек сөздіжазыңыз.
1) ________________
2) ________________
3) ________________
Астрономиялық бақылаулар
Ерте кездің өзінде-ақ алыс сапарға саяхатқа шыққан адамдар түнде жұлдыздарға,
күндіз күнге қарап жол таба білген. Астрономиялық бақылаулар бүгінде халық
шаруашылығының қатарына: уақытты өлшеу, дәл географиялық карталарды жасау,
теңізде, әуеде, ғарыш кеңістігінде аспан шырақтары бойынша бағдар алу жатады.
Дегенмен де бүгінде астрономияның мәні бұлармен шектеліп қала алмайды. Ай мен Күн
жүйесінің ғаламшарларын зерттеу өзіміздің Жерімізді жақсырақ білуге тудырады. Жер
айналасындағы ғарыш кеңістігі мен Жерге жақын маңдағы аспан денелері қазірдің өзіндеақ адам қызметінің шеңберіне еніп отыр. Болашақта ғарышты игеру адам баласының өмір
сүру ортасын кеңейтеді, экологиялық көкейтесті мәселелерді шешуді жеңілдетеді.
Аспан денелерінің көрінбейтін сәулелерінің негізгі бөлігі Жер атмосферасына
жұтылады және Жердің бетіне жетпейді. Сондықтан да Жерден жүргізетін бақылауды
атмосферадан тыс кеңістіктен жүргізумен толықтыруға болады.
2. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Сұрақтар:
1) Адамдар не себепті ерте замандарда жол табу үшін аспан денелеріне сүйенген?
2) Адамдар не себепті аспан әлемінің құпияларын зерттеуге асық болды?
3) Адамның тағдырын аспан денелерімен байланыстыру қаншалықты орынды?
4) Өзіңіз мәтіннен қандай ой түйдіңіз?