Название сайта

ТЖБ Қазақ тілі 5 сынып 2-тоқсан

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

2-тоқсандық жиынтық бағалау «Қазақ тілі» 5 сынып

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс. Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. 

Тоқсандықжиынтықбағалаудыңнұсқасы3компоненттентұрады:біріншісі- тыңдалым, айтылым, екіншісі - оқылым, үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.

ТЖБ Қазақ тілі 5 сынып 2-тоқсан

«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі. Лексика
Бос уақыт және хобби. Морфология
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді тыңдап (оқып), оның көтерген басты мәселесін өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.
Жұбыңыздың айтқан негізгі және қосымша ақпараттарға келісу немесе келіспеу пікіріңізді
білдіріңіз.
2. Жұбыңыздың айтқандарын тыңдап, онымен келісу немесе келіспеу пікіріңізді білдіріңіз
және мәтін бойынша анықтаған негізгі және қосымша ақпараттарды айтыңыз.
[10]
1-мәтін
ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті мектеп оқушылары!
Қаламыздың 150 жылдығы мен Жас натуралистер станциясының 65 жылдығына орай
ұйымдастырылып отырған Жас натуралистер станциясының "Ғажайып жануарлар" көрмесін
тамашалауға шақырамыз! Көрмеде сәндік және үй қояны, кептерлер мен аквариумдағы
балықтар, тасбақалардың түр түрімен танысып, оларды тамақтандыра аласыз. Көрмеге
қатысушылар үшін хайуанаттар бағына тегін кіру қарастырылған. Көрме 2019 ж. 15 тамыз
күні сағат 10.00 – 17.00-ге дейін жұмыс жасайды. Алдын ала тіркелу үшін 8 7172 56-49-87
нөміріне хабарласыңыз.
Құрметпен, Зоосаябақ әкімшілігі
2-мәтін
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Ата-аналар назарына!
«Балалар мен жасөспірімдер орталығы» 2019 жылдың 17 – 27 маусым аралығында
«Көңілді жаз» жазғы сауықтыру мен бос уақытты тиімді ұйымдастыру маусымының
жұмысын бастайды. Маусымдық бағдарламада:
 Балалардың таңғы және түскі астары;
 Танымдық сабақтар («Жануарлар әлемі», «Тіл дамыту», «Қызықты математика»);
 «Шынықсаң шымыр боласың!» (спорттық ойындар мен басссейн);
 Шығармашылық сағат (бейнелеу, қолөнер);
 Қалаға саяхат (қаламыздағы түрлі ойын-сауық, танымдық орталықтарын аралау)
жасау қарастырылған.
Орталық:
 Бір отбасынан екі немесе одан көп оқушы болған жағдайда;
 Көп балалы отбасыларға жеңілдіктер жасайды.
Орындар шектеулі екендігін ескертеміз. Жазылуға асығыңыздар!
Мекенжайымыз: Қарағанды қаласы, Бейбітшілік көшесі, 83.
Байланыс нөмірі: 8 700 455 46 47, Айсара (әкімші)
Оқылым
Тапсырма
1. Екі мәтінді салыстырып, олардың стильдеріндегі ерекшеліктерді көрсетіңіз.
А мәтіні
Б. Тұржан, фотограф: Хобби өмірлік ісіме айналды
– Фотоға түсіру әлеміне қалай келдіңіз?