БЖБ Қазақ тілі, 5-сынып 2-тоқсан «Менің бос уақытым және хобби. Морфология»
«Менің бос уақытым және хобби. Морфология» бөлім бойынша жиынтық бағалау
«Қазақ тілі Т1» 5 сынып 2-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 5-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде)» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
БЖБ Қазақ тілі, 5-сынып 2-тоқсан «Менің бос уақытым және хобби. Морфология»
«Менің бос уақытым және хобби. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 5.2.3.1 хабарлама құрылымы мен ресімделуі арқылы
жанрлық ерекшеліктерін ажырату
5.3.2.1 жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен
құрылымын сақтап, хабарландыру құрастырып жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Құрылымы мен ресімделуіне сүйеніп
хабарландырудың жанрлық ерекшеліктерін
ажыратады
Ресімделуі мен құрылымы бойынша жанрлық
ерекшеліктерін ескеріп, хабарландыру жазады
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
1. Хабарландыруды оқып, оның құрылымы мен рәсімделуі, тілдік ерекшеліктерін
көрсетіңіз.
Хабарландыру!!!
Құрметті қала тұрғындары!
2019 ж. 6 шілде күні қала күніне орай «Нұр-Сұлтан қаласы менің көзіммен…»
тақырыбында әуесқой суретшілердің шығармашылық байқауы өткізілетіндігін
хабарлаймыз!
Байқауға 11-16 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатыса алады.
Байқаудың өтетін орны: Нұр-Cұлтан қаласы, Орталық саябақ
Басталуы: сағат 10.00-де.
Қажетті құрал-жабдықтар ұйымдастырушылар тарапынан ұсынылады.
Жеңімпаздар жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі номинацияларда анықталады және
бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Байқауға қатысу үшін төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласып, алдын ала
тіркелу қажеттігін ескертеміз. Байланыс тел.: 8 747 565-66-87, 8 701 550-49-65.
Мәтіннің құрылымынан
қандай ерекшеліктерді
байқадыңыз?
Мәтін қалай ресімелген?
Мәтінде хабарландыруға
тән қандай тілдік
қолданыстар кездеседі?
Кемінеде 2 мысал
келтіріңіз.
2. Жоғарыдағы хабарландыру мәтініне сүйене отырып, қала тұрғындарының ермегі мен
бос уақыттарын шығармашалықпен өткізулеріне арналған қандай да бір шараның
хабарландыру мәтінін құрастырыңыз.