БЖБ Информатика 4-сынып 2-тоқсан жауаптары «Робототехника»
«Робототехника» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Информатика» 4-сынып 2-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
БЖБ Информатика 4-сынып 2-тоқсан жауаптары
«Робототехника» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше Түс датчигі. Робот-бағдаршам. Ультрадыбыстық датчик.
Лабиринттен шығу. Кегль-ринг.
Оқу мақсаты 4.5.1.1 Түс датчигін қолдану
4.5.1.2 Ультрадыбыстық датчикті қолдану
Бағалау критерийлері Білім алушы
• Түс датчигі мен ультрадыбыстық датчиктің мүмкіндіктерін
ажыратады
• Роботтың қозғалуына қажет блоктардың парамертлерін
анықтайды
• Бағдарлама блоктарының қолдану мақсатын түсіндіреді
• Түс датчигі мен ультрадыбыстық датчигі бар бағдарламаны
сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Суретке қараңыз. Кестеде берілген әрбір мүмкіндіктерге сай датчик атауларын жазыңыз.
Мүмкіндіктері Датчик
Әртүрлі 7 түсті ажыратады
Жарықтандырудың деңгейі мен арақашықтығын өлшейді
Жарықтандырудың деңгейін өлшейді,
диффузиялық жарық және шағылысқан жарық
Объектілердің бар-жоғын анықтайды
2. Лабиритті өту бағдарламасын қарастырыңыз. Роботтың міндеті кедергі кездескенге дейін алдыға
жүру, тоқтау, оңға бұрылу және әрі қарай қозғалысты жалғастыру болып табылады. Әр блокты
қажетті деректермен толтырыңыз.
3. Амир робот арналған заттардың түсін анықтайтын бағдарлама жазды. Бағдарламада қолданылған
әрбір блоктардың қолданылу мақсатын сипаттаңыз.