Название сайта

БЖБ Математика 4-сынып 3-тоқсан жауаптары «Бөлшектер және пайыз»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Бөлшектер және пайыз» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Математика»  4-сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Математика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Математика 4-сынып 3-тоқсан жауаптары

«Бөлшектер және пайыз», «Шеңбер, дөңгелек» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер
1.2 Сандармен амалдар орындау
5.1 Есептер және математикалық модель
3.2 Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу
Оқу мақсаты 4.1.1.6**Дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандарды
ажырату
4.1.2.14 Аралас санды бұрыс бөлшекке және бұрыс
бөлшекті аралас санға айналдыру
4.5.1.3Бүтіннің бөлігін табуға берілген есептерді талдау
және шығару; кері есеп құрастыру, шығару
4.3.2.2**Шеңбер мен дөнгелекті радиусы бойынша
сызу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажыратады
• Аралас санды бұрыс бөлшекке және бұрыс
бөлшекті аралас санға түрлендіреді
• Бүтіннің бөлігін табуға берілген есептерді
шығарады
• Радиусы бойынша шеңбер сызады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Бөлшектерді 2 топқа бөліп жаз.
7
12
;
11
15
;
8
3
;
9
22
;
12
7
;
6
4
Дұрыс бөлшектер: _____________________________________________________
Бұрыс бөлшектер: _____________________________________________________
2-тапсырма
• Аралас санды бұрыс бөлшек түрінде жаз: 2
5
8
 =
• Бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жаз:
14
6
 =
3-тапсырма
Есепті шығар.
Ормандағы шағын алаңқайдың ауданы 36 м2 . Оның
5
9
 бөлігінде жидек өсіп тұр.
Жидек өсіп тұрған бөліктің ауданы қандай?
4-тапсырма
Радиусы 4 см болатын шеңбер сыз.