Название сайта

БЖБ Жаратылыстану 4-сынып 3-тоқсан жауаптары «Заттар және олардың қасиеттері»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Заттар және олардың қасиеттері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Жаратылыстану»  4-сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Жаратылыстану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Жаратылыстану» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Жаратылыстану 4-сынып 3-тоқсан жауаптары

«Заттар және олардың қасиеттері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 3.4 Табиғат ресурстары
Оқу мақсаты 4.3.4.1 Кейбір пайдалы қазбалардың (бор, тұз, әктас, саз,
мұнай, гранит, көмір) қолданылу саласын анықтау
4.3.4.3 Пайдалы қазбаларды сақтау және үнемді
қолданудың жолдарын ұсыну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Пайдалы қазбалардың қолданылу саласын
сипаттайды
• Пайдалы қазбаларды сақтау және үнемдеу жолдарын
ұсынады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Берілген пайдалы қазбалар қайда қолданылады? Кестеге жаз.
Пайдалы қазбалар Қолданылуы
бор
тұз
көмір
саз
әктас
мұнай
гранит