Название сайта

ТЖБ 4-тоқсан Әдебиеттік оқу 4-сынып жауаптар

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау 

«Әдебиеттік оқу» 4-сынып 

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 4-сыныпта «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.

Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар сұрақтарды және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 7 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

ТЖБ 4-тоқсан Әдебиеттік оқу 4-сынып жауаптар 

4. Тапсырмалар мен балл қою кестесінің үлгілері
Тыңдалым және айтылым
1-тапсырма
Мәтінді тыңда. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бер.
1) Мәтіннің кейіпкерлері өздерінің салмақсыздыққа тап болғанын қалай анықтады?
2) Дастанның «таяқшаңды түсіріп алма» деуінің сыры неде деп ойлайсың?
3) Мәтіннің негізгі бөлімінің мазмұнын І жаққа өзгертіп, қысқаша баяндап бер.
[6]