Название сайта

БЖБ Әдебиеттік оқу 4-сынып 3-тоқсан жауаптары «Табиғат құбылыстары»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Табиғат құбылыстары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Әдебиеттік оқу»  4-сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Әдебиеттік оқу 4-сынып 3-тоқсан жауаптары

«Табиғат құбылыстары» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері Тыңдалым және айтылым
Оқу мақсаты 4.1.1.1 Шығарманың мазмұнын толық түсіну, кейбір
тұстарын нақтылау, оқиғаның себеп-салдарын
анықтау үшін сұрақтар қою және жауап беру
4.1.2.1** Шығарма мазмұнын түрлі баяндау тәсілдерін (І
немесе ІІІ жаққа өзгертіп, жағдаяттар қосып,
оқиғаларды өрбітіп) қолданып, шығарманы
қысқаша/ толық/ ішінара мазмұндау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің мазмұнына/оқиғаның себеп-салдарына
қатысты сұрақтар қояды және жауап береді
• Мәтіннің мазмұнын өрбітіп, І жақта баяндайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.
Сұрақтарға жауап бер:
1) Мейрамбек аспандағы бұлттарды нелерге ұқсатты?
2) Бұл көктем Мейрамбектің есінде неліктен ұзақ сақталады деп ойлайсың?
3) Мәтін бойынша «иә» немесе «жоқ» деп жауап беретіндей бір сұрақ құрастырып
жаз.
______________________________________________________________________
2-тапсырма
Мейрамбектің бұлттарға қарап, ойланған тұсын есіңе түсір. Өзіңді Мейрамбектің
орнына қойып көр. Сол сәтте сен бұлттар туралы не айтар едің? Бұлттармен серуендеу
туралы ше? Мейрамбектің ойын жалғастырып, мәтінді басқа ойлармен/оқиғалармен
толықтырып айт.