Название сайта

БЖБ Әдебиеттік оқу 4-сынып 1-тоқсан жауаптары «Құндылықтар»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Құндылықтар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Әдебиеттік оқу»  4-сынып 1-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Әдебиеттік оқу 4-сынып 1-тоқсан жауаптары

«Құндылықтар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері Оқылым
Жазылым
Оқу мақсаты 4.2.3.1 Шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау,
автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып
дәлелдеу
4.3.1.1 Оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны
бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің негізгі ойын анықтап, тақырып қояды
• Автордың ойына мәтіннен дәлелдер келтіреді
• Мәтінді бөліктерге бөліп, ат қояды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
1) Мәтінге тақырып қой.__________________________________________________
2) Мәтіннің негізгі ойына сәйкес мақал-мәтелді анықта.
А) Күншілдің күні қараң
В) Әркімнің өзі шығар биігі бар
С) Адамның ұяты бетінде, адамгершілігі ниетінде
D) Айтысып сөзге келгенше, ақылменен жөнге кел
3) Мәтін арқылы автордың не айтқысы келді деп ойлайсың? Мәтіннен дәлелдер келтір.
__________________________________________________________________________
2-тапсырма
Оқылымға берілген мәтінді үш бөлікке бөліп, әр бөліктің басталар жерін Z таңбасымен белгіле. Әр
бөлікке ат қой.
Мәтіннің бөліктері Тақырып
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды