Название сайта

БЖБ Дүниетану  3-сынып 1-тоқсан жауаптары «Жанды табиғат»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Жанды табиғат» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Дүниетану»  3-сынып 1-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Дүниетану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Дүниетану» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Дүниетану  3-сынып 1-тоқсан жауаптары

«Жанды табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 2.2 Климат және ауа райы
2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері
Оқу мақсаты 3.2.2.1 Жер климатының негізгі түрлерінің сипаттамаларын
анықтау
3.2.2.2 Ауа райы қолайсыз жағдайларда өзін-өзі ұстау
ережелерін құрастыру
3.2.3.1 Адамдардың табиғи жағдайларға байланысты
орналасуын талдау (рельеф, климат, өсімдік және
жануарлар әлемі, су нысандары)
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жер климатының негізгі түрлерін анықтайды
• Қолайсыз ауа райы кезінде өзін-өзі ұстау
ережелерін құрастырады
• Адамдардың қоныстануына әсер ететін табиғи
жағдайларды анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Сұрақтарға жауап жаз.
1) Жер бетінде қандай негізгі климаттық белдеулер бар?
____________________________________________________________________
2) Ең ыстық климаттық белдеу қайсы? ___________________________________
3) Қазақстан қандай климаттық белдеуде орналасқан? _______________________
2-тапсырма
Көктайғақ кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек? 2 ереже жаз.
1) ____________________________________________________________
2) ____________________________________________________________

3-тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Адамдардың қоныстануына қолайлы жерді белгіле ()