Название сайта

БЖБ Жаратылыстану 3-сынып 2-тоқсан жауаптары «Жанды табиғат. Адам»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Жанды табиғат. Адам» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Жаратылыстану»  3-сынып 2-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Жаратылыстану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Жаратылыстану» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Жаратылыстану 3-сынып 2-тоқсан жауаптары

«Жанды табиғат. Адам» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 2.3 Адам
Оқу мақсаты 3.2.3.1 Адамның ішкі ағзаларының орналасуын анықтау
3.2.3.3 Тыныс алу жүйесі мен оның адам ағзасындағы
рөлін сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Орналасуы бойынша адамның ішкі ағзаларын
анықтайды
• Тыныс алу жүйесінің мүшелерін атайды және рөлін
сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 15 минут
1-тапсырма
Суретке мұқият қара. Адамның ішкі ағзаларының атауларын жаз.
2-тапсырма
Тыныс алу жүйесі мүшелерінің атауын жаз.
• Өкпе қандай қызмет атқарады