Название сайта

БЖБ Жаратылыстану 3-сынып 1-тоқсан жауаптары «Жанды табиғат. Жануарлар»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Жанды табиғат. Жануарлар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Жаратылыстану»  3-сынып 1-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Жаратылыстану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Жаратылыстану» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Жаратылыстану 3-сынып 1-тоқсан жауаптары

«Жанды табиғат. Жануарлар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 2.2 Жануарлар
Оқу мақсаты 3.2.2.1 Жануарларды омыртқалыларға және
омыртқасыздарға жіктеу
3.2.2.2 Жануарларды тіршілік ортасы бойынша
ажырату
3.2.2.6 Адамның жануарлар санының азаюына әсер ететін
іс-әрекет түрлерін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Омыртқалы және омыртқасыз жануарларды
ажыратады
• Жануарлардың тіршілік ортасын анықтайды
• Адамның жануарлар санының өзгеруіне ықпал
ететін әрекеттерін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Жануарлардың қай топқа жататынын анықта және кестеге сәйкес нөмірін жаз.
Жануарлар Нөмірлері
Омыртқалы
Омыртқасыз

2-тапсырма
Жануарлардың тіршілік ортасын анықтап, сәйкестендір.
Қасқыр
Шұбалшын
Торғай
Сазан
Су
Құрлық - ауа
Топырақ