БЖБ Информатика 3-сынып 1-тоқсан жауаптары «Компьютер және программалар»
«Компьютер және программалар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Информатика» 3-сынып 1-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
БЖБ Информатика 3-сынып 1-тоқсан жауаптары
«Компьютер және программалар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 3.1.3.1 Цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда
қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтау
3.1.1.1 Енгізу (мысалы, тінтуір, пернетақта) және шығару
құрылғыларын (мысалы, монитор мен принтер) ажырату
3.1.2.4 Компьютерлік программаларда меню
командаларын қолдану
3.1.2.3 Файл және бума ұғымдарын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда
қауіпсіздік техникасының ережелерін. қолданады
• Қызметі бойынша енгізу мен шығару
құрылғыларын ажыратады
• Меню бағдарламасының құралдарын қолданады
• Бума және файл ұғымдарының қолданысын
түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 15 минут
Тапсырма
1. Суреттерге мұқият қара. Кейіпкердің іс-әрекетіне сүйеніп, компьютермен жұмыс жасау
кезіндегі қауіпсіздік ережелерін құрып жаз.
1-сурет 2-сурет
1) _____________________________________________________________________
2) _____________________________________________________________________
2. Компьютерге енгізу құрылғысын жасыл қарындашпен, шығару құрылғысын қызыл
қарындашпен дөңгелектеп қорша.