Название сайта

БЖБ Математика 3-сынып 4-тоқсан жауаптары «Есепті шешу жолдары»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Есепті шешу жолдары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Математика»  3-сынып 4-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Математика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Математика 3-сынып 4-тоқсан жауаптары

«Есепті шешу жолдары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 5.1 Есептер және математикалық модель
Оқу мақсаты 3.5.1.8 Барлық арифметикалық амалдарға берілген жай
есептердің шешуін айнымалысы бар өрнектер мен
теңдеулер түрінде; құрама есептердің шешуін санды
өрнектер және жекелеген амалдар түрінде модельдеу
3.5.1.7 Үш амалмен шығарылатын есептерді (шамалар
арасындағы тәуелділікке берілген жай есептердің
түрлі комбинациялары) модельдеу және шығару
Бағалау критерийі Білім алушы
• Есептің шарты бойынша әріпті өрнек құрастырады
• Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген үш
амалды есептерді шығарады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Есептің шешуін әріпті өрнек түрінде жаз.
• Жанат әрқайсысы а тг тұратын 4 қарындаш сатып алды.
Ол барлығы неше теңге төледі?
• 48 кг жемісті х жәшіктерге тең бөліп салды. Әр жәшікке
неше килограмм жеміс салынды?
2-тапсырма
Есепті шығар.
 Марал әрқайсысы 9 теңге тұратын 4 қарындаш және әрқайсысы 8 теңге тұратын 3
сызғыш сатып алды. Ол сатып алған заттарына барлығы неше теңге төледі?