Название сайта

БЖБ Дүниетану 2-сынып 1-тоқсан жауаптары «Менің отбасым және достарым»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Менің отбасым және достарым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Дүниетану»  2-сынып 1-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2-сынып білім алушыларына «Дүниетану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Дүниетану» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Дүниетану 2-сынып 1-тоқсан жауаптары

«Менің отбасым және достарым» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 1.5 Құқық және міндет
3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және
патриотизм
Оқу мақсаты 2.1.5.1 Өз өмірінен мысалдар келтіру негізінде құқықты,
міндетті және жауапкершілікті ажырату
2.1.5.2 Қоғамға қызмет етудің әлеуметтік маңыздылығын
түсіндіру
2.3.5.3 Қазақстан халықтары достығының маңыздылығын
түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Жеке мысалдарының негізінде құқық, міндет және
жауапкершілікті ажыратады
 Қоғамға қызмет көрсетудің мысалдарын анықтайды
 Қазақстан халықтары достығының маңыздылығын
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 15 минут
Тапсырма
1. Берілген сөздерді екі топқа бөліп, сәйкестендір.
Кішілерге қамқор болу
Білім алу
Өз пікірін білдіру
Үлкендерді сыйлау
2. Жауапкершілікті білдіретін сөйлемді белгіле (P).
1) Мұғалімнің берген тапсырмасын толық орындадым.
2) Дүкеннен нан әкелуді ұмытып кетіппін.
3) Табиғатқа қамқорлық жасап жүруге тиіспін.
3. Суреттерге қара. Қоғамға қызмет ету әрекеттері бейнеленген суреттерді белгіле (P).