Название сайта

БЖБ Әдебиеттік оқу 2-сынып 4-тоқсан жауаптары «Қоршаған орта»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Қоршаған орта» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Әдебиеттік оқу»  2-сынып 4-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2-сынып білім алушыларына «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Әдебиеттік оқу 2-сынып 4-тоқсан жауаптары

«Қоршаған орта» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Тыңдалым және айтылым
Оқу мақсаты 2.1.2.1 Шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша
немесе өз сөзімен мазмұндау, үзіндісін мазмұндау,
сахналау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Мәтіннің мазмұнын дайын жоспар бойынша
баяндайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңда.
Берілген жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын айт.
Жоспар:
1. Көктемгі еңбек
2. Анардың уайымы
3. Анардың қуанышы